28.09.2025, 10:30
Оқылды: 179

Ардагерлердің айтары бар

«AMANAT» партиясының аудандық филиалы Бәйтерек аудандық ішкі саясат бөлімі, «Асар-Орал» қайырымдылық қорымен бірлесе ерекше бір кездесу өткізді.

IMG-20250927-WA0002
«Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы» партиялық жобалары аясында ұйымдастырылған іс-шараға ауданның құрметті азаматтары, мемлекеттік қызмет ардагерлері және ауданның жас мемқызметшілері қатысты.
1 қазан – Қариялар күні қарсаңында болған кездесуге мәдениет саласында көп жыл еңбек еткен Шарбану Айекешевамен оның жолдасы «Скифы» ВАА-нің жетекшісі, ауданның құрметті азаматы Ғизат Мұхамбетов қатысты. Сондай-ақ аудандық мәслихатта еңбек еткен Геннадий Терехов пен зайыбы, білім саласының ардагері Галина Терехова, қаржы саласында еңбек еткен Александра Мухина келді. Олар жас мемлекеттік қызметкерлерге еңбек және өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, өнегелі әңгімелерін айтты.

IMG-20250927-WA0001
Мемқызмет саласы өкілдері ардагерлерді мерекелерімен құттықтап, қоғамдағы әділдік пен адалдық қағидаларын дәріптеу қажеттігін атап өтті. Жиын барысында сыбайлас жемқорлықты алдын алу және жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру тақырыбында пікіралмасу ұйымдастырылды.

Қуаныш Қали
Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале