30.09.2025, 15:45
Оқылды: 133

Бәйтерек аудандық театры өз маусымын жаңа қойылыммен ашты

 

“Шың” драма театры өзінің төртінші маусымын Е.Төлеубайдың “Жеңгетай” атты комедиялық қойылымен ашты.  

IMG-20250930-WA0010

Жалпы мазмұнында Толым апайдың пәтерін жалдап тұрып жатқан бойжеткен төрт қызға өмірлік серік іздеген жеңгейдің өмірі баяндалады.

IMG-20250930-WA0009

Күлімкөз жеңгетай мінез-құлығы төрт түрлі бойжеткенді төрт түрлі жігітпен таныстырып, оларды тұрмысқа беріп құтылуға асығады. Мәселен, олардың бірі ер мінезді, спортшы Күлқайша болса, екіншісі ұяң да ұялшақ Жанұля,  енді біреуі қалада өскен кербез сұлу Лола,  әр нәрсеге балаша таңдана білетін Әйбат. Мұндай аруларға үйлесімді жар табу оңай болған жоқ. Оған қысылған Күлімкөз жеңгегейді көрген жоқпыз. Қиыннан қиыстырып жол тауып отырды. Одан бөлек үй иесі Толым апайдың да осы жеңгей таныстырған Қотан ақсақалмен отасып, бақытты өмір сүрмек ойы бар екені белгілі болды.

IMG-20250930-WA0006

Осы қызықты сәттерді негізінен кәсіби актер емес жандар, ауданымыздың белгілі өнерпаздары барынша шебер әрі шынайы ойнай білді. Мысалы Күлімкөз жеңгейді аудандық мәдени демалыс орталығының әдістемелік бөлім меңгерушісі Амангүл Намазова, Лола рөлінде аудандық мәдени үйінің әдіскері Светлана  Жұмабекова, Әйбәтті хореограф-балетмейстер Азиза Асқарова, Жанұляны Белес аудандық клубының меңгерушісі Ақтоты Имағанбетова, Күлқайша рөлінде денешынықтыру пәнінің мұғалімі, қазақ күресінің шебері Әсем Сансызбаева ойнады. Ал Толым апайды театр актрисасы Арайлым Нарымбетова, Шайхыны «Шың» театрының негізін қалаушы белді актер, танымал әнші Кенесары Болғанбаев ойнады. Көпбайды Еркебулан Сатыбалды, Керімсал - Асылжан Тілеққабылов, Әбчан (черный) рөлінде Тайыр Бақтыгереев, әке рөлін халықтық “Шежіре” фольклорлық ансамблінің жетекшісі  Аслан Ғизатов сомдады.

IMG-20250930-WA0007

Қойылым режисері Бекзат Васиханның сөзіне қарағанда, спектакльде көрсетілгендей, өмірлік жар іздеген жандар бүгінгі қоғамда аз емес. Егер олар өзара үйлесімін тауып қосылса, мемлекеттігіміз мықты болары анық. «Отан отбасынан басталады» деп тегін айтылмаса керек.

IMG-20250930-WA0000

- Жалпы рөлдерді сомдаған әр әртіс жақсы ойнап, тапсырманы ойдағыдай орындап, көрермен көңілінен шықты деп ойдамын, - дейді жас режисер.

IMG-20250930-WA0003

Қойылым қорытындысында сөз алған аудан әкімі қойылымнан үлкен әсер алғанын айтып, өнерпаздарға ризашылығын жеткізді.

IMG-20250930-WA0002

- «Шың» театры ашылғалы көрерменнің толы болып отырғаныма алғаш рет көруім. Сол себепті көрермен қауымға алғысымды білдіріп, театрға осылай жиі келіп тұрыңыздар. Өнерпаздарымыздың шашбауын көтеріп жүрейік,-деген Марат Лұқпанұлы. Театр режиссері Бекзат Васиханға алғыс хатын табыс етті.

 

Қуаныш Темірұлы,

Бәйтерек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале