2.10.2025, 13:00
Оқылды: 92

Ұландықтар қырағылық танытты

Орал қаласында Ұлттық ұланның 5517 әскери бөліміне қарасты әскери жасақ қоғамдық тәртіпті күзету кезінде есірткі сату күдігіне ілінген азаматты құрықтады.

WhatsApp Image 2025-10-02 at 13.27.31

Оқиға «Северо-Восток» ықшамауданында кешкі сағат 21:05 шамасында орын алған. Әскерилер тұрғын үйлердің бірінің ауласында күмәнді жағдайды байқап қалған. Белгісіз азамат жасырын түйіншекті қалдырып, оны ұялы телефонының жарығын жағып, суретке түсіргенін байқайды. Күмәнді әрекетті байқаған жасақ өкілдері азаматпен тілдесіп, түсіндіру жұмысын жүргізбек болған.

WhatsApp Image 2025-10-02 at 13.28.09

Алайда күдікті сыртқы тексеруге қарсылық көрсеткен.

Ұландықтар заң аясында әрекет етіп, азаматты тексерген кезде оның қалтасынан салмағы шамамен 10 грамм есірткіге ұқсас зат салынған капсула табылды.

Қазіргі таңда аталған дерекке байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының

баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале