2.10.2025, 17:00
Оқылды: 115

Оралда білім беру қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті

Орал қаласындағы Жастар мәдениет сарайында «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне арналған салтанатты кеш өтті.

WhatsApp Image 2025-10-02 at 17.27.44 (2)

Шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, колледж директорлары мен мұғалімдерді құттықтап, саланың дамуына қосқан еңбегі үшін арнайы марапаттар табыстады.

Өз сөзінде аймақ басшысы:
«Техникалық және кәсіптік білім – еңбек нарығы үшін білікті мамандарды даярлайтын маңызды сала. Сіздердің еңбектеріңіздің арқасында өңіріміздің экономикасы алға басып, жастарымыз өз жолын табуда. Білім – елдің болашағы, ал сіздер – сол болашақты қалыптастырып отырған тұлғасыздар», – деп атап өтті.

WhatsApp Image 2025-10-02 at 17.27.43 (2)

Сондай-ақ кеш барысында саладағы үздік мамандар марапатталды. Бұл марапаттарды облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин табыстады.

WhatsApp Image 2025-10-02 at 17.27.44 (1)

Жаңақала колледжінің еңбекқор, үлгілі «Жұмысшылар отбасы» — Тлеубергеновтер әулеті сахнаға шақырылып, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді. Ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұстаздық әулет – әкесі, баласы, немересі түгелімен мұғалімдік жолды таңдаған. Отбасына БҚО Кәсіподақ ұйымының атынан «Технодом» сауда үйіне 100 мың теңгелік сертификат табысталды.

Салтанатты кеш ұстаздар қауымына арналған мерекелік концертпен жалғасын тапты.

Бекзат Қанәділ,

zhaikpress.kz

Фото автордікі

WhatsApp Image 2025-10-02 at 17.27.43 (1) WhatsApp Image 2025-10-02 at 17.27.44 WhatsApp Image 2025-10-02 at 17.27.44 (3) WhatsApp Image 2025-10-02 at 17.27.45 WhatsApp Image 2025-10-02 at 17.27.45 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале