3.10.2025, 21:00
Оқылды: 161

Жаңақалада «Қазақстан барысы» турнирінің аудандық іріктеу кезеңі өтті

Бүгін «Jastar» спорт клубының ұйымдастыруымен қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» облыстық турниріне іріктеу ретінде аудандық кезеңі өткізілді.

image-03-10-25-08-54-3

Ашылу салтанатына аудандық тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ақнұрлы Еслямғалиева, ардагер спортшы, «Спорт шебері» Жайсаң Есекенов, жарыстың бас төрешісі Замир Батыров және Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Дәурен Жағыпаров құрметті қонақ ретінде қатысты.

image-03-10-25-08-54-2
Салтанатты рәсімде сөз сөйлеген Ақнұрлы Нұрғалиқызы балуандарға сәттілік тілеп, әділ және тартысты белдесулердің болуына сенім білдірді.
Жарысқа барлығы 10 балуан қатысып, алдымен жеребе арқылы реттік нөмірлерін анықтап, кейін боз кілемде өзара бақ сынасты.

image-03-10-25-08-54

Тартысты өткен белдесулер нәтижесінде: І орын – жаңақалалық Ахметов Ерасыл, ІІ орын – жаңажолдық Арыстанғалиев Мади, ІІІ орын – қырқопалық Мақсат Сағатов иеленді. Жеңімпаздар кубоктармен, дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, І және ІІ орын иегерлері облыстық «Қазақстан Барысы» турниріне жолдама алды.

Сыйлыхан Талапұлы
Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале