6.10.2025, 12:15
Оқылды: 216

Алкоголь мен темекіні заңсыз сатуға қатысты жаза жиі қолданылуда

Қаңтар-қыркүйек айлары аралығында акциздік өнімдерді дұрыс емес немесе мүлдем маркаланбаған күйде сату, сақтау және тасымалдауға байланысты 1166 әкімшілік құқықбұзушылық тіркелді* (ҚР ӘҚБтК 283-бабының 2-бөлімі). Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 50%-ға көп. Кем дегенде 11 жылда алғаш рет осынша көп дерек тіркеліп отыр (толық жыл емес, тоғыз айлық кезеңдер салыстырылған).

e883d075-8b17-4256-b49c-f4b1b75d1ef7

Әкімшілік жауапкершілікке тартылғандардың ішінде жеке тұлғалардың саны заңды тұлғаларға қарағанда әлдеқайда көп: тиісінше, 898 және 16. Тоғыз айдың қорытындысы бойынша салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 318,5 млн теңгені құрап, жылдан жылға номиналды өсім 2,2 есе болды. Ал өндіріп алынғаны - 263,7 млн теңге (жылдан жылға 147%).

Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК 283-бабының 1-бөлімі бойынша (барлығы екі бөлім ғана) құқықбұзушылықтар жоқ деуге болады - 2024 жылғы қаңтар-қыркүйектегі 20 деректен кейін 18 жағдай ғана болған. 1-бөлім алкогольдік және темекі өнімдерін дұрыс емес маркалап өндіруге және импорттауға қатысты жайттарды қамтиды. Жалпы, 283-бап аталған тауар санаттарын маркалау ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікті көздейді.

Айта кету керек, алкоголь мен темекі сияқты акциздік өнімдерді маркалау ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік те қарастырылған (ҚР ҚК 233-бабы). Ол әкімшілік жауапкершілікке қарағанда қоғамдық қауіптілігі әлдеқайда жоғары құқықбұзушылық ретінде қарастырылалы.

Қылмыстық бап екі бөлімнен тұрады. 1-бөлім бойынша айтарлықтай зиян келтірген маркалау ережелерін бұзғаны үшін, 2-бөлім бойынша жалған маркалау белгілерін жасағаны, пайдаланғаны және таратқаны үшін жаза тағайындалады.

Қаңтар-қыркүйек аралығында ҚР ҚК 233-бабы бойынша да құқықбұзушылықтар саны артқан, бірақ аздап - 18%-ға. Бұл ретте фактілер саны көп емес: жыл басынан бері бар болғаны 46 жағдай.

Жарияланып жүрген деректерге қарағанда қылмыстық істер әдетте ірі көлемдегі заңсыз алкоголь мен темекі партиялары немесе олардың жасырын цехтары анықталған кезде қозғалады. Ал әкімшілік істер тәркіленген өнім көлемі шағын болғанда тіркеледі.

*Алкогольге қатысты есеп-бақылау маркалары ретінде ыдысты ашқан кезде бүтіндігі бұзылатын етіп жапсырылған белгіленген үлгідегі голограммалар айтылып отыр. Темекі өнімдеріне қатысты машинамен оқылатын екі өлшемді штрихкод түріндегі маркалау кодтары жайлы айтылған. Бұл идентификациялау құралдары бұрынғы акциздік маркаларды алмастырған.

ҚР БП ҚСжАЕК деректері

@DataHub_KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале