7.10.2025, 10:45
Оқылды: 132

Еліміздің батысында заманауи көлік айрығын салып жатырмыз

Батыс Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» автомобиль жолының 0-36 шақырым аралығында ауқымды қайта жаңарту жобасы жүзеге асырылуда. 

a2da1ab1-bfa1-4dff-baf7-4e65728c44d1

Жобаның маңызды элементтерінің бірі - "беде жапырағы" әдісімен екі деңгейлі көлік айрығын ың құрылысы. Бұл инфрақұрылымдық нысан KAZ10 «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 265-шақырымында (Сырым бақылау-өткізу пункті маңында) орналасқан және жаңа KZ07-04 «Подстепное – Федоровка – РФ шекарасы» автожолының (Ақсай бағытындағы бақылау-өткізу пунктіне дейін) I кезеңінің бастау нүктесі болмақ.

858a47a7-fca9-40d9-9dc4-cdcde45355bd

Нысанның негізгі сипаттамалары:

- айрық құрамындағы жол өтпесінің ұзындығы - 63,373 м;
- нормативтік жүктеме - А14, НК-120, НК-180;
- құрылыстың жауапкершілік деңгейі - II (қалыпты);
- жағалаулық тіреуіштердің түрі - табиғи топырақта орналасқан тіреу діңгектер.

cb5ecd14-b367-4cfe-978f-f93e503b36dd

Бұл жоба жол қауіпсіздігін арттырып, оның өткізу қабілетін жақсартады. Көршілес өңірлермен көлік байланысын жеңілдетіп, Батыс Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамытуына септігін тигізбек.

 

«ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ ресми парақшасы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале