
Оның айтуынша, бұл тыйым Еуразиялық экономикалық одақ комиссиясының 2025 жылдың 23 маусымында қабылдаған №45 шешесіне сәйкес жүзеге асырылуда. Бұл шешім 2017 жылғы №74 шешімге өзгерістер енгізу арқылы қабылданған.
- Бұл шектеулер Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес елдерден жеке тұлғалардың қандай көліктерді әкеле алатынын нақты айқындайды. Енді жеке тұлғалар тек белгілі бір санаттағы көліктерді ғана Қазақстанға кіргізе алады, – деді Мұхамед Андақов.
Жеке тұлғаларға рұқсат етілген көліктер:
- жеңіл автокөліктер;
- мотоциклдер мен мопедтер;
- жалпы қолданыстағы жолдарға арналмаған техникалар;
- жолаушылар саны 12 адамнан аспайтын шағын көлік құралдары.
Кіргізуге тыйым салынған көліктер:
- арнайы техника;
- автобустар;
- жолаушы тасымалдауға арналған ірі көлік түрлері.
Мұндай көліктерді тек заңды тұлғалар немесе жеке кәсіпкерлер (ЖК) ғана өз атына тіркеп, елге әкеле алады.
- Егер арнайы техника немесе автобус болса, оны жеке тұлға өз атына тіркей алмайды. Тек кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар ғана мұндай көліктерді елге заңды түрде кіргізе алады, – деп нақтылады комитет өкілі.