"Дән" мәдениет үйінде бүлдіршіндердің тілін дамытуға бағытталған «Бала тілі – бал» атты аудандық фестиваль жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мектепке дейінгі білім беру мекемелерінің 4 жасқа дейінгі тәрбиеленушілері қатысқан бұл шара балалардың мемлекеттік тілге деген құрметін оятуға, олардың сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық қабілетін дамытуға бағытталды.

Фестивальдің басты мақсаты – мемлекеттік тіл мәртебесін арттыру,бүлдіршіндердің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау, олардың бойына Отанға деген сүйіспеншілік пен мемлекеттік тілге деген құрметті сіңіру. Бұл бастама арқылы ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен жас ұрпақтың болашағына жол ашу көзделді. Фестиваль 2 кезең бойынша өтті.
Шара соңында Шыңғырлау аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Олжас Сейтимов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушылар мен ата-аналарға алғысын білдірді.

Шара аясында "Бала тілі - бал" фестивалінің "Шебер әке, өнерлі ана, еңбекқор бала" кезеңі бойынша әлеуметтік желіге жарияланған бейнероликтерге үздік пікір жазғаны үшін "Үздік пікір" номинациясы тапсырылды. Сонымен қатар "Бала тілі-бал" фестивалінің «Ән шырқаймын би билеп» кезеңінде өнер көрсеткен бүлдіршіндерге белсенді қолдау ұйымдастырғаны үшін "Үздік жанкүйер" аталымы жарияланды.
Ендігі кезекте бүгінгі шараға бөбекжай ұжымымен бірге жұмыс жасап, бүлдіршіндердің сахынаға шығуына қолдау білдіріп, балаларына тілеулес болып жүрген ата-аналарға алғысхаттар мен ескерткіш сыйлықтар ұсынылды.
Шараға қатысқан ата-аналар да өз алғыстарын білдірді.

Фестивалге қатысқан бүлдіршіндерге, өнерлі балдырғандарға демеушілік білдіріп, тәттілер мен сыйлықтар алып берген, ауданымыздын жеке кәсіпкерлері «Бәйтерек» дүкенінің басшысы Ақмарал Сиражқызына, жеке кәсіпкер Сания Юсупқызына,"САПА АВТО» дүкенінің иесі Ильдар Равилұлына, аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Манарбек Жұмағалиұлына өз алғысымызды білдіреміз.
Светлана Байтенова,
Шыңғырлау ауданы