Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті қызметінің негізгі бағыттарының бірі – мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және қызмет алушылардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру.

Азаматтардың заңды құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында, Департамент келіп түскен арыз-шағымдарды жан-жақты қарайды және мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілетін қызметтерге тұрақты түрде қашықтықтан мониторинг жүргізіп келеді.
2025 жылдың 9-ай қорытындысы бойынша, Департаменттің араласуымен қашықтықтан мониторинг нәтижесінде 126 қызмет алушының және шағымдарды қарау нәтижесінде 25 қызмет алушының бұзылған құқықтары қалпына келтірілді.
Мысалы:
Департамент алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету саласында заңдылықты қамтамасыз ету, сапаны арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысын жүйелі түрде жалғастыратын болады.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті