14.10.2025, 12:15
Оқылды: 74

Биылғы 9 айда ауыл шарруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 4,4%-ға өсті – Ауыл шаруашылығы министрлігі

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов Үкімет отырысында Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығын дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндады.

5435985552605312358

Ол биылғы 9 айда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі көлемінің өсуі 4,4%-ды құрағанын, ал жоспар бойынша бұл көрсеткіш 2,3% болғанын атап өтті. Мұндай өсім егін шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 5,2%-ға, мал шаруашылығында 3,4%-ға ұлғаюы есебінен болып отыр.
«Биыл аграршыларға мемлекет тарапынан бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетіліп, агротехнологиялармен толық көлемде қамтамасыз етуге мүмкіндік жасалды, бұл өз кезегінде өткен жылмен салыстырғанда саладағы өндірістің өсуін қамтамасыз етті», — деп атап өтті Азат Сұлтанов

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале