14.10.2025, 13:00
Оқылды: 71

Тұтыну бағаларын тұрақтандыру және тұтынушылық несие беру, нарыққа сұранысқа ие ОТӨ өнімдерін шығару — Олжас Бектенов инфляция деңгейін төмендету шаралары туралы

Премьер-министр Үкімет отырысында инфляция деңгейін төмендету үшін қажетті бірқатар шараны белгіледі. Халыққа тұтынушылық несие беру ісін тұрақтандыруға ерекше назар аударылды.

5435985552605312364
«Инфляция үшін тұтыну бағаларын тұрақтандыру жұмысын күшейту керек. Инфляцияға сырттан келетін азық-түлік бағалары қысым көрсетіп отыр. Сондықтан ішкі нарықты отандық өніммен барынша қамтамасыз етіп, азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорларын жедел қалыптастырған жөн. Мемлекет басшысы атап өткендей, тұтынушылық несие беру ісін тұрақтандыру бойынша батыл шаралар қабылдау қажет. Банктер мен несие беру ұйымдары, сауда нүктелері тауар бағасындағы бөліп төлеудің нақты құнын, сондай-ақ несиелеу кезіндегі барлық артық төлемді толық ашып көрсетуі тиіс», — деп атап өтті Олжас Бектенов. Бұл бағытта бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале