А.Шайхиев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде Республика күні мерекесіне орай асық ату мен бес асықтан ерлер мен әйелдер арасындағы «Сырым сақасы» аудандық ашық турнирінің ашылу салтанаты өтті.

Турнирге Ақтөбе облысының Ырғыз ауданы, Орал қаласы, Қайыңды, Бәйтерек, Теректі және Сырым аудандарының, сондай-ақ Сарой, Қособа, Жымпиты ауылдық округтерінің ерлер арасында 9 команда, әйелдер арасында 5 команда қатысты.
Жарыстың ашылу салтанатында сөз сөйлеген Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысушыларға сәттілік тілеп, ұлттық ойындарды дамыту бағытындағы ауданның бастамаларына тоқталды.
Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысы «Алтын сақа – асық ату» федерациясының қоғамдық бірлестігінің басшысы Ержан Өтегенов, А.Шайхиев атындағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Бауыржан Ихсанов, «Қайсар» спорт клубының директоры Ерболат Мұканов қатысты. Мемлекеттік Ту көтеріліп, Қазақстан Республикасының Гимні шырқалды. Шара барысында «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» әнін Армат Алдамжаров орындады.

Бір күнге созылған жарыста төмендегіше нәтиже анықталды. Бес асықтан әйелдер арасында: Үшінші сақалар арасында Мариям Алиева (Сырым ауданы) 1, Анар Сағынова (Ақтөбе облысы) 2, Майра Шарипова (Теректі ауданы) 3 орындарды иеленді.
Екінші сақалар арасында: Гүлім Спорт (Сырым ауданы) 1, Айнұр Бұхарбаева (Ақтөбе облысы)м 2, Ульяна Маслова (Бәйтерек ауданы) 3 орындарды бөлісті.
Бірінші сақалар арасында: Әсия Шамырқанова (Ақтөбе облысы) 1, Дильназ Исмагулова (Бәйтерек ауданы) 2, Айнат Нагибова (Теректі ауданы) 3 орын тұғырынан көрінді.
Жалпыкомандалық есепте:
Бес асықтан әйелдер арасында бірінші жүлдені Ақтөбе облысы жеңіп алса, Сырым ауданы мен Бәйтерек ауданына екінші, үшіншіорныдар бұйырды.
Асық атудан ерлер арасында жарыстың нәтижесі мынадай. Үшінші сақалар арасында: Іорын Мейіржан Әбіш (Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы), ІІ орын Сырым Магелланов (Ақжайық ауданы), ІІІ орын Нұрбек Дюсенғалиға (Бәйтерек ауданы) тиді.
Екінші сақалар арасында Мейрамбек Малдықұлов (Ақтөбе ауданы Ырғыз ауданы) 1 орын, Бекзат Бекниязов (Сырым ауданы) 2 орын, Естай Жолдыбеков (Теректі ауданы) 3 орын иегері деп танылды.
Бірінші сақалар жарысынан Жандос Мейрамбай (Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы) бірінші, Бағдаулет Сламқұл (Теректі ауданы) екінші, Отаржан Самиев (Бәйтерек ауданы) үшінші орындарды иеленді.
Ал, жалпыкомандалық есепте асық атудан жеңімпаз Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданының командасы болса, Теректі ауданы екінші, Сырым ауданы үшінші орындарды бөлісті.
Жекелей аталымдар бойынша да асықшылар марапатталды. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданынан келген Мейіржан Әбіш “Үздік ойыншы”, Ақжайық ауданынан келген Қуаныш Телагисов “Үздік төреші”, Теректі ауданынан келген Естай Жолдыбеков, “Үздік сұрмерген”, Теректі ауданынан Утеген Мүбәрәк “Ардагер ойыншы” атанды.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге “Қайсар” спорт клубының атынан медаль, кубок, статуэтка, дипломдар және ақшалай сыйлықтар табысталды.
Шынар Молданиязова,
Сырым ауданы