15.10.2025, 13:00
Оқылды: 325

Тасқала ауданы: Ақтау ауылының құрылғанына – 60 жыл

Ақтау ауылының мерейтойы – тарихтың қайнарынан бастау алып, өткеннің өнегесін, қазіргі кезеңнің жетістіктерін және болашақтың үмітін арқау еткен ұлан-асыр тойға айналды. Ауданға қарасты  ауылдың қадір-қасиетін арттырып, барша ауыл тұрғындарын ұйыстыратын мереке шын мәнінде ұлттық бірліктің жарқын көрінісі болды. Биыл ауданға қарасты талай текті ұрпақты өмірге әкелген,  мықтыларға мекен болған Ақтау ауылының құрылғанына – 60 жыл.

Осыған орай өткен жұма күні ауыл халқы бірігіп, ұлан-асыр той жасады. Елді мекен шетінде киіз үйлер тігіліп, даладай ақ дастархан жайылды. Бүгінде құтты мекен ынтымақ пен бірліктің түпқазығы болып саналатын Ақтау ауылында ауыл халқының игілігі үшін бірқатар игі істер атқарылуда. Дүбірлі іс-шара Ақтау ауылының кіре берісіне жаңадан орнатылған арканың ашылуымен бастау алды.  Оның ашылу рәсіміне аудан әкімі Талғат Шакиров, аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева және басқа да құрметті қонақтардың қатысуымен салтанатты түрде өтті. Құтты мекеннің кіреберісіндегі жаңа арка ауыл азаматтарының қолдауымен, демеушілігімен салынды. Шара барысында осы игі іске өз үлестерін қосқан азаматтарға ауыл әкімінің атынан алғыс хаттар табыс етілді. Шараға қатысқан ауылдың ақсақалы Кәрім Жұмағалиев батасын беріп, арканың лентасын салтанатты түрде қиып, ауыл тұрғындарын қуанышқа бөледі. Бұдан соң, мерекелік шара Ақтау ауылындағы мектеп балабақша бөбекжай кешенінде жалғасын тапты.

image-15-10-25-10-24-1

Ақтау ауылының тарихы тереңде жатыр. 20 ғасырдың басында іргетасы қаланған ауылдың алғашқы колхозы 1929 жылы құрылып, көптеген өзгерістер мен өрлеулерді бастан кешірді. Сол жылдардан бастап, ауылдың атауы бірнеше рет өзгеріп отырды. «Паника»-«Кулакова»-«Карл-Маркс» колхозы, «Красный Маяк» совхозы, Ақтау ауылы. Бүгінде ауыл өзінің өркендеуі мен гүлденуінің айқын куәсі болып, көптеген инфрақұрылымдық жобалар мен игі бастамалар жүзеге асырылуда. Мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, балабақша, дәрігерлік амбулатория сынды қажетті мекемелер ауылда тұрғындардың игілігі үшін жұмыс істейді.

Ақтау мектеп балабақша бөбекжай кешеніне арнайы келген қонақтар мен ұзақ жылдар бойы осы мектепте еңбек еткен ұстаздар өткен шақтағы естеліктерімен бөлісіп, ауыл тарихына деген қызығушылықтарын білдіріп, мектеп балабақша бөбекжай кешені мұрайжайның ашылыуның куәгері болды. Мектептің мұражайында өткен көрмеде ауыл мен мектептің даму кезеңдері көрсетіліп, ауылдық округ мұғалімдерінің әсем концерттік бағдарламасы мен естеліктері көпшіліктің көңілінен шықты.

Одан әрі жиын Ақтау ауылының 60 жылдығына арналған салтанатты іс-шарамен жалғасын тапты. Мерекелік шараға қатысқан көршілес Қазталов аудан әкімі аппаратының басшысы Нұрсұлтан Серік ауыл тұрғындарын 60 жылдық мерейтойларымен құттықтап, Ақтау ауылдық округінің әкіміне алғыс хат пен сыйлық табыстады. Ал, аудан әкімі Талғат Шакиров өз сөзінде Ақтау ауылының тарихы мен оның даму жолында ел үшін еңбек сіңірген азаматтарды атап өтіп, оларға алғыс білдірді. Мерекелік жиынның басты сәттерінің бірі – жергілікті кәсіпкерлерге, еңбек ардагерлеріне «Ақтау 60 жылдығы» төсбелгілерінің табыс етілуі болды.

image-15-10-25-10-24-5

Бұл күннің көркін ашқан мәдени бағдарлама мен әсем әндер, ұлттық спорт ойындары болды. Қазақтың ұлттық ойындарының тартысты да қызықты сәттері келген қауымның көңілін көтерді.  Бағдарламаға сай ұйымдастырылған аламан бәйге, топ бәйге және тай жарысы шын мәнінде ауыл тұрғындарының жанына жақын әрі рухани жағынан бай тәжірибе болды. Бәйгеге қатысқан шабандоздар жүлделі орындарды жеңіп алып, жиналғандарға көтеріңікі көңіл-күй сыйлады.

image-15-10-25-10-24-4

Тарқата кетсек, аламан бәйгеде 24 шақырым қашықтықта бірінші орынды ақтөбелік Талғат Нұржігітовтың Байторы атты тұлпары жеңіп алып,  1 млн теңгеге көлеміндегі жүлдеге ие болды. Еінші орынға атыраулық Абылай Жамбылұлының  Малыш тұлпары табан тіреп, 700 мың теңгенің сертификатына ие болды. Көрші қазталотық  Аңсар Ибраевтың Байторы атты тұлпары мәрі сызығын үшінші болып кесіп, қанжығасына 500 мың теңгеге көлеміндегі сыйақыны басты. Тай жарысына келер болсақ,  5 шақырым қашықтықта сынға түскен тұяқтылар арасында Жаңақала ауданының тумасы Бекжан Қарабалин  Амал атты тұлпары топ жарып, жеңіс тұғырынан көрінді. (300 мың теңге). Оралдық Азамат Қарақойшиевтің  Қарақат атты тұлпары мәрі сызығын ІІ болып кесіп, 200 200 мың теңге қаржылай сыйақыға ие болды. Бұл сайсыта үздік үштікке теректілік Роллан Бауеденовтың Ханторы атты тұлпары еніп, 100 мың теңге қаржылай сыйлыққа ие  болды. 16 шақырымдық топ бәйгеде сырымдық Нүркен Хайруллиннің Көркем атты тұлпары үздік танылып, бірінші орынды иеленді.(700 мың теңге).  Екінші орынды Асылтұяқ атты тұлпар ие болып, жерлесіміз Қуаныш Шагиров 500 мың теңгеге ие болды. Ал, үшінші орын жаңақалалық Айбек Ишановтың Наурыз атты тұлпары кесіп өтіп, 300 мың теңге көлеміндегі қаржыны ұтып алды.

image-15-10-25-10-24-2

Сонымен қатар бұл күні жаяу жүгіру, қазақ күресі, гір тасын көтеру, қой көтеру сынды қызықты ойындар ұйымдастырылды. Ерлер мен әйелдер арасында өткен жаяу жүгіру жарысында жеңіске жеткендер айтарлықтай марапаттарға ие болды. Гір тасын көтеру мен арқан тарту сынды сайыстар да үлкен қызығушылық туғызды.

image-15-10-25-10-24

Шара кешке қарай мәдениет үйінің өнерпаздарының мерекелік концертімен жалғасты. Бұл көрініс тойға келген әрбір адамның жүрегіне жақын болды. Асқа шақырылып, ақсақалдардың батасын алған ауыл тұрғындары мен қонақтар бір-бірімен қуана көрісіп, мерекенің шымылдығын көтерді. Мерекелік отшашумен түйінделген шара – ауыл тұрғындарының ынтымағы мен бірлігін көрсетіп, ауылдың болашаққа деген сенімін арттырды.

image-15-10-25-10-24-3

«Ақтау ауылының 60 жылдық торқалы тойы жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ұмытылмас әсер қалдырды. Мерекенің басты мақсаты – бүгінгі ұрпаққа өз ауылдарының тарихын, ата-бабалардың ерлігін, ауылдың дамуына қосқан үлестерін ұғындыру болатын. Бұл тойдың басты нәтижесі – жастардың туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттырып, ұлттың дәстүрі мен мәдениетін сақтауға үлес қосу болды. Ауыл тұрғынының Сағынтай Темірбековтың айтуынша, мұндай мерекелер ұрпақтар арасындағы байланыс пен бірлікті нығайтады. «Тойдың негізгі мақсаты – келешек ұрпақ өзінің ауылының тарихын білсін, елінің тарихын білсін, осы жерге деген сүйіспеншілігі артса деген ниет. Ақтау ауылының 60 жылдығы құтты болсын. Бүгінгі той қуаныш пен көңіл-күй сыйлап, болашақта да ұрпақтарға тарихи сабақтарды насихаттау үшін маңызды бастама», - дейді Кәрім Жұмағалиев.

 

Гүлмира Мақанова,

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале