18.10.2025, 10:23
Оқылды: 110

Ақсайда «Таулы Қарабах» ардагерлерімен кездесу өтті

25 қазан Республика күніне орай Ақсай қаласындағы №4 ЖОББ мектептің жиын залында оқушылар «Таулы Қарабах қақтығысының» ардагерлерімен кездесті.

27531709-219e-4118-a25a-799f79ecf6a8
Патриоттық шара ҚР-ның мемлекеттік гимнімен басталды. Шараға Бөрлі ауданы бойынша «Таулы Қарабах ардагерлері» қоғамының төрағасы Нұрлан Ермұханов және аталған қақтығыстың ардагерлері: Мәлік Умарғалиев, Арыстанбек Қуатов, Қасен Қазиев, Ғарифулла Утешқалиев, сондай-ақ аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Р. Бекмұханбетова қатысты.

кқБұл кездесудің мақсаты - өскелең ұрпаққа «Таулы Қарабах қақтығысы» жайлы толық мәлімет беру, ардагер ағалармен ашық әңгімелесу, сұхбаттасу. Оқушыларға отанды қорғау жауапкершілігінің қаншалықты маңыздылығын жете түсіндіріп, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру екендігін айта келіп, төраға Нұрлан Жасқадырұлы:
- 1988-1992 жылдар аралығында Күні кешеге дейін көп адам үшін белгісіз болып келген Таулы Қарабақ соғысының отқа оранған жылодары тарих қойнауының парақтарында қара таңба болып қала бермек. Бұл соғыс үлкен қайғы-қасірет алып келді. Арада қаншама жыл өтсе де, күні кешеге дейін көз алдымызда тұрған оқиға болды. Ол кезде біз де жас болсақ та, түрлі жағдайларға куә болдық. Қаншама отандастарымыз жат жерде қолына қару алып, намысты ту етіп, талай ерліктің үлгісін көрсетті. «Ерді намыс өлтіреді» демекші, олар соғыстан қорқып әскерден қашқан жоқ, барды. Батыр халықтың ұрпақтары екенін дәлелдеп, жанкештілікпен шайқасты,-деп оқушыларға ой саларлықтай жеткізді. Сөзінің соңында мектеп директоры Ж. Жақсығалиеваға, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Г. Сисенова, Ә.Шохановқа өз атынан алғыс хат табыстап, одан әрі ардагерлер А. Дәулетқалиев пен В.Зубковке БҚО «Таулы Қарабах ардагерлері» қоғамының төрағасы А.Жұмағалиевтың атынан «Қазақстан патриотты» медалін табыс етті.

d00af1cb-512e-4fa7-960b-b757ef18024e
Кеш аясында ардагерлер өз естеліктерімен бөлісіп, оқушыларға видео-ролик көрсетті. Әскерге барудан қорықпауға, оның азаматтық борыш екендігін жете жеткізді.

Сәнім Меңдібай
Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале