18.10.2025, 11:34
Оқылды: 217

Казталовта ел анасымен рухани кездесу өтті

Казталов ауданындағы Алма Оразбаева атындағы мектепте Халықаралық «Qazaqstan Dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының бас директоры, қоғам қайраткері, Ел анасы Сәуле Мешітбайқызымен аудандық мекеме өкілдері мен білім беру ұйымдары өкілдерінің тағылы мол кездесу өтті.

6d242533-2e09-4733-a2df-685a1e2ff664

Жиынды аудан әкімінің орынбасары Серік Қайырлиев жүргізіп, кездесудің маңыздылығына тоқталып өтті. Кездесуге «AMANAT» партиясының БҚО филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Афиза Семғалиева, БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінің басшысы Әділет Орынбасаров, «Qazaqstan Dauiri» газетінің БҚО бойынша меншікті тілшісі Ляззат Қажымова, “AMANAT” партиясының аудандық филиалының өкілдері, аудандық білім беру бөлім беру бөлімінің мамандары, мектеп директорлары, ата-аналар комитетінің мүшелері, психолотар, құқық қорғау саласының өкілдері қатысты.

Сәуле Мешітбайқызы өз сөзінде отбасындағы тәрбиенің маңыздылығына тоқталып, ең алдымен ата-ананың парызы екенін атап өтті. Сонымен қатар ол педагог мәртебесі, кітап оқудың мәдениеті, жастардың білімге құштарлығын арттыру тақырыптарын да қозғап, ұстаз еңбегінің қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті.

- Қазіргі таңда білім саласы – қоғамның тірегі, елдің болашағы. Осы бағытта Қазталов ауданы әкімдігімен және аудандық білім бөлімімен бірлесе отырып, ұстаздарды қолдау мен ынталандыруға бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Ұстаз – тек білім беруші ғана емес, ел болашағына жауапты тұлға. Олар сайлау, қоғамдық іс-шаралар секілді маңызды науқандарда да белсенділік танытып келеді.

Аудан әкімдігі ұстаздарды ынталандыру мақсатында нақты қолдау шараларын қолға алуда. Бұл тұрғыда жергілікті бюджеттен қаражат бөлініп, облыстық білім басқармасымен тығыз байланыс орнатылған. Арнайы байқаулар арқылы үздік мұғалімдерге 500 мың теңгеге дейін сыйақылар табысталып, республикалық деңгейде де марапатталып отыр.

Ауданның бірнеше мұғалімі республикалық "Үздік педагог" байқауында озып шығып, өңір мерейін өсіріп келеді. Бұл – аудандағы ұстаздар қауымының білімі мен біліктілігін, еңбегінің нәтижесін көрсетеді.Сондай-ақ, оқушыларды кітап оқуға баулу, білімге құштарлықты арттыру бағытында да түрлі жобалар жүзеге асуда. Ауыл мектептеріндегі оқушылардың кітапқа деген қызығушылығы артып келеді.

Қорыта айтқанда, Казталов ауданында ұстаз еңбегі лайықты бағаланып, білім сапасын арттыруға арналған нақты қадамдар жасалып жатыр, - деді аудандық білім беру бөлімінің басшысы Самал Жангереева. Ал «AMANAT» партиясының БҚО филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Афиза Семгалиева ауыл және ауыл мектептеріндегі білім туралы сөз қозғады.

Кездесу соңында қатысушылар да өз ойларын ортаға салып, ұсыныстарын білдірді. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Мерболат Мырзағалиев ұстаздар үшін емдеу және сауықтыру орталықтарын ашу қажеттігі туралы ұсынысын білдірді.

Сәуле Мешітбайқызы, Халықаралық «Qazaqstan Dauiri» газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының бас директоры, қоғам қайраткері, Ел анасы:

- Сөз басы ретінде айта кетейін, бүгін таңертеңнен бастап Қазталов ауданында бірқатар маңызды кездесулер өтті. Кездесуге аудан әкімінің орынбасарлары, ішкі саясат, білім саласы және өзге де сала басшылары қатысып, Zoom платформасы арқылы онлайн форматта да пікір алмасу ұйымдастырылды.

183dc86e-0f0e-4669-9c91-393c73f7b6eb

Мен бұл сапарға «Ауыл тағдыры – ұлт болашағы» атты республикалық экспедиция аясында келіп отырмын. Біздің газетіміздің дәстүрлі жобасына айналған бұл экспедиция қазіргі таңда кең көлемде жүріп жатыр.

Бүгінге дейін Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Ақтөбе облыстарында болдық. Ендігі кезекте Батыс Қазақстан облысындағы кездесулер басталды. Қазталов ауданында ұстаздар қауымымен, оқушылармен, жастармен және елге еңбек сіңіріп жүрген азаматтармен мазмұнды кездесулер өткізілді. Сонымен қатао Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданына қарасты Қайшақұдық ауылында болдық. Ол ауыл мектебінде бар болғаны 5 бала оқиды. Бірақ алалардың жанарындағы от пен болашаққа деген сенімді көру жүрегіме ерекше сезім сыйлады.
Облыс әкімі Нариман Төреғалиев бастаған игі бастамалардың бірі — «Қаладан ауылға» жобасының аясында көшіп келген отбасылармен кездесіп, олардың жеткен жетістіктеріне куә болып қайттық, - деді.

Гүлнұр Сәуірғалиқызы
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале