18.10.2025, 17:30
Оқылды: 97

Елге еткен еңбегі еленді: Серік Қыдырашұлы зейнет жасына толды

Кеше Жәнібек ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Серік Қыдырашұлы Алтаев өмірінің жаңа белесіне – зейнет жасына шықты. Ұзақ жылдар бойы ел қауіпсіздігі мен азаматтық қорғау саласында адал еңбек еткен білікті басшының еңбегі елеусіз қалған жоқ.

image-17-10-25-01-11-2

Осыған орай аудан әкімдігінде салтанатты жиын өтіп, аудан әкімі Тимур Шиниязов Серік Қыдырашұлын зейнетке шығуымен құттықтап, өзінің және аудан активінің атынан жүрекжарды алғысын жеткізді.
Өз құттықтау сөзінде аудан басшысы былай деді:
– Құрметті Серік Қыдырашұлы! Сіз аудан көлемінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бағытында табанды еңбек етіп, азаматтық қорғау саласында үлкен тәжірибе жинақтадыңыз. Өз қызметіңізде кәсібилік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсете білдіңіз. Сіздің бастамаңызбен ауданда тұрғындарды төтенше жағдайлардан қорғау, қауіпсіздік мәдениетін арттыру бағытында көптеген іс-шаралар мен оқу-жаттығулар өткізілді. Сондай-ақ, бөлімнің материалдық-техникалық базасын нығайтуға сүбелі үлес қосып, ауданның дамуына өз қолтаңбаңызды қалдырдыңыз.
Сізге зор денсаулық, отбасылық амандық және өмірдің әр күнінен қуаныш тілеймін,-деді Тимур Серікұлы.
Құттықтау соңында аудан әкімі Серік Қыдырашұлына алғысхат табыстап, иығына зерлі шапан жапты.
Жиын барысында мерейгерді аудандық «Ардагерлер ұйымы» РҚБ филиалының төрағасы Амангелді Уәлиев, Жақсыбай ауылының әкімі Алмат Қаратаев және әріптестері құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Өз кезегінде Серік Қыдырашұлы жиналған қауымға ризашылығын білдіріп:
– Маған көрсетілген құрмет пен ыстық ықыластарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамын. Бұл – мен үшін үлкен мәртебе. Ел тыныштығы мен халық амандығы үшін еңбек ету – әр азаматтың борышы. Осы жолда бірге қызмет еткен әріптестеріме сәттілік тілеймін,-деді.

Арай Сейфолла
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале