19.10.2025, 10:30
Оқылды: 58

Қазақстанда 36,8 млн тонна мал азығы дайындалды

2025–2026 жылдардағы қысқы маусымға дайындық аясында ауыл шаруашылығы жануарларына арналған мал азығын дайындау жұмыстары қарқынды жалғасуда. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

7a2faa53-fa2c-4e7c-b5ff-4962e9b09ba6

Жергілікті атқарушы органдардың деректері бойынша барлығы 36,8 млн тонна мал азығы дайындалды. Оның ішінде: пішен – 25 млн тонна (жоспардың 101,9%), сенаж – 1,9 млн тонна (112,8%),
– шоғырланған жем – 3,4 млн тонна (62,2%), сүрлем – 2 млн тонна (99,1%), сабан – 4,4 млн тонна (95,8%).
Пішен дайындау жоспарының орындалуы бойынша жоғары көрсеткіштер Солтүстік Қазақстан (147%), Шығыс Қазақстан (116,0%), Алматы (105,6%), Жетісу (104,5%), Ақтөбе (103,2%), Қызылорда (103,2%) және Ұлытау (102,3%) облыстарында байқалды.
Сенаж дайындау бағытында жақсы нәтижелер Солтүстік Қазақстан (163%), Жамбыл (114,6%), Қостанай (107,7%), Алматы (107,5%) және Павлодар (105,0%) облыстарында тіркелді.
Дайындалған мал азығының көлемі жануарларды толыққанды азықтандыруға, жоспарлы өнім мен төл алуға, сондай-ақ жалпы мал басының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Жалпы республика бойынша мал азығымен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале