20.10.2025, 22:00
Оқылды: 96

Чемпион елге оралды

Бүгін күздің жайма шуақ күнінде грек-рим күресінен Әлем чемпионы атанған Иран Уразбековты қарсы алу рәсімі өтті. Оған Теректі ауданы әкімі Әлия Мұханбетжанова қатысты.

564527275_3085287841653089_8266969946411605319_n

Аудан үшін үлкен мәртебе, қуанышқа толы күнде өзінің қажырлы еңбегімен, спортқа деген адалдығымен биік белестерді бағындырған жерлесіміз Грек-рим күресінен ардагерлер арасындағы Әлем чемпионы,

спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы - Иран Мударисовичті жеңісімен құттықтап, зор құрметпен қарсылап алды. Бұл – тек жеке жетістік емес, бұл – ауданның абыройы, еліміздің мерейі! Туған жерінің атын әлемге танытқан арда азамат, грек-рим күресінен ардагерлер арасындағы Әлем чемпионы - Иран Уразбековты жеңісті қуанышымен қарсы алу рәсімінде аудан басшысы жүрекжарды тілегін жеткізді.

«Құрметті Иран Мударисович! Сіз Венгрия төрінде өткен Әлем чемпионатында жеңіске жетіп, еліміздің көк туын көкте желбіретіп, барша қазақ жұртының, соның ішінде туған Теректі ауданының абыройын асқақтаттыңыз. Сізге халқымыздың атынан шын жүректен алғыс айтып, жаңа жеңістер мен жарқын табыстар тілейміз! Жеңісіңіз құтты болсын! Еліңіз әрдайым сізбен мақтанады»,- деп ыстық ықыласын білдірген аудан басшысы Әлия Биғазықызы аудан халқының атынан спортшының иығына шапан жауып, астына ат мінгізді.

photo-output

Қазіргі таңда Ұзынкөл ауылындағы балғын шәкірттерін спортқа баулып жүрген жаттықтырушы Иран Уразбековке грек-рим күресі федерациясының Президенті Төлеген Досболатов федерация атынан 500 мың тенге ақшалай сыйлық табыс етті. Чемпионды қолдап келген ұзынкөлдіктердің де қарасы қалың болды.

Темірболат Әнуарұлы
Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале