20.10.2025, 22:35
Оқылды: 371

Казталовта аудан әкімінің есеп беру жиыны өтті

Бүгін Казталов аудандық мәслихатының кезекті XXXII сессиясы өтті. Сессияға аудандық мәслихат төрағасы Сәрсенбай Молдашев төрағалық етті.

30011ec9-7029-4ff0-b814-66b781be45b8

Жиынға аудан әкімі Асланбек Сарқұлов, аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ салалық бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты.

476b7e24-ac05-47ce-be42-88e947bf4173

Күн тәртібінде аудан әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды. Есеп барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауыл шаруашылығы, жол, білім, мәдениет және басқа да салаларда атқарылған жұмыстар кеңінен баяндалды.

Аудан көлемінде жүзеге асқан игі істердің барлығы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде жарияланып келеді. Дегенмен, бұл жиында әкімнің есебі нақты деректер мен көрсеткіштер негізінде депутаттар назарына ұсынылды.

0849b68e-8376-45f4-9ff3-4868f76384a4

Депутаттар есепті мұқият тыңдап, өзекті мәселелерге қатысты сұрақтарын қойды. Әсіресе, ветеринария саласындағы қызмет сапасы, жолдардың жағдайы, білім беру саласындағы мәселелерге қатысты нақты ұсыныстар айтылды.

Аудан әкімі Асланбек Сарқұлов депутаттардың сауалдарына жауап беріп, алдағы уақытта атқарылатын жоспарлармен бөлісті. Сонымен қатар, ауылдық округтерде көтерілген мәселелер де назардан тыс қалмайтынын атап өтті.

Сессия соңында аудандық мәслихат депутаттары әкімнің есебін қанағаттанарлық деп бағалап, ұсыныстар мен ескертпелерді орындау жөнінде бірқатар шешімдер қабылдады.

Қайрат Жақып
Казталов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале