22.10.2025, 9:30
Оқылды: 55

Қазақстан жаңа өнімнен 1,6 млн тонна астық экспорттады

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ мәліметтеріне сәйкес, 2025 жылғы 1 қыркүйектен 19 қазанға дейінгі кезеңде Қазақстан жаңа астық өнімінен 1,6 млн тонна астық экспорттады, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14%-ға көп (2024 жылы – 1,4 млн тонна), - деп жазады Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
_gluster_2025_10_21_3deeb6cc1b34367adbbb988c39ec7271_1280x720

Экспорт көлемі негізінен Орталық Азия және Кавказ елдері бағытында артқаны байқалады. Мәселен, Өзбекстанға экспорт көлемі 41%-ға өсіп, 568 мың тоннадан 801 мың тоннаға жетті. Ал Тәжікстанға 3,8%-ға өсті (236 мыңнан 245 мың тоннаға дейін), ал Қырғызстанға жеткізілім 2,6 есеге көбейіп, 17 мыңнан 45 мың тоннаны құрады.

Сонымен қатар, Әзербайжанға экспорт 3,4 есеге ұлғайса, (11 мыңнан 38 мың тоннаға дейін), Ауғанстанға жеткізілім 28,6%-ға өсіп, 56 мыңнан 72 мың тоннаға жетті, сондай-ақ, Түрікменстанға экспорт 66,7%-ға көбейіп, 3 мыңнан 5 мың тоннаға дейін көбейді.

Экспорт бойынша мұндай көрсеткіш қазақстандық астыққа сұраныстың жоғары екенін және өнімді көрші елдерге жеткізу үшін логистикалық бағыттардың тұрақтылығын дәлелдейді

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале