22.10.2025, 17:15
Оқылды: 104

Кітапханашылар күніне орай Шыңғырлау ауданында салтанатты шара өтті

Шыңғырлау аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі кәсіби мереке қарсаңында «Сөнбес шырақ иелері» тақырыбында салтанатты шара өткізді.

image-22-10-25-01-26-10

Ауданымыздың «Дән» ауылдық мәдениет үйінде ұйымдастырылған шарада сала ардагерлері мен үздік кітапханашылар, белсенді оқырмандар ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Құрмет грамотасымен», Қазақстандық Кітапханалық одақтың төсбелгісімен, ҚР Ұлттық кітапханасының, БҚО әкімі Н. Төреғалиев пен аудан әкімі М.Өмірәлиевтің Алғыс хаттарымен және «Қазақстан салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төсбелгілерімен марапатталды.

image-22-10-25-01-26

Рухани қазына ордасының қызметкерлерін мерекемен құттықтаған аудан басшысы Мұрат Өмірәлиев кітапхана жұмысының қоғамды рухани қалыптастыруда аса маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

image-22-10-25-01-26-8

«Кітап оқу ешқашан күн тәртібінен түспейді. Оқу - дами беру, өз-өзіңді жетілдіру, бұл жолда халыққа көрсетіп отырған қызметіңіз бен еңбегің зор. Бүгінде кітапханалар модернизациядан өтіп, заманауи қалыпқа көшіп жатыр, бұл Сіздің еңбегіңізді мемлекет тарапынан бағалау деп есептеймін. Қабырғалы қаламгер Әбіш Кекілбаев «адамды адам еткен - кітап, адамзат еткен - кітапхана» деп еді. Белгілі тарихи тұлға, ойшыл, ақын Әлішер Науаи «Кітап - ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» деген сөз қалдырыпты. Міне, бұл кітап әлемінің адам және адамзат үшін қажетті орны туралы ұлы сөздер. Мерекелеріңіз құтты болсын, еңбектеріңіз жемісті болсын» деген тілегін жеткізді.

image-22-10-25-01-26-3

Шара «Үлгілі» атағы бар «Еркем-ай» бүлдіршіндер би тобының өнерімен, аудан әншілерінің әндерімен өрнектеліп, мерекелік көңіл- күй сыйлады.

Қаршыға Асу,

Шыңғырлау ауданы

image-22-10-25-01-26-5

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале