23.10.2025, 14:30
Оқылды: 153

Бекіре тұқымдасы қайта оралды ма?

Жайық өзенінде бекіре тұқымдас балық ұсталды: популяция қалпына келе ме?

Ағымдағы жылы “Балық шаруашылығы ғылыми- өндірістік орталығы” БҚО филиалының ғылыми қызметкерлерімен халықаралық маңызы бар су айдын - Жайық өзенінде ғылыми зерттеулер барысында сирек кездесетін бекіре тұқымдасы - сүйрік (Asipenser ruthenus) балығы ғылыми - зерттеу аулау кезінде ауға түсті. Бұл жағдай аймақтағы бекіре тұқымдас балықтарының  популяциясы саныны артуының белгісі болуы мүмкін.

WhatsApp Image 2025-10-23 at 13.44.41

Сүйрік - бұл түр Солтүстік Мұзды мұхитының, Қара, Азов, Каспий және Балтық теңіздерінің алаптарында мекендейді (соңғысында сирек кездеседі). Қазақстан аумағында Жайық, Ертіс және Тобыл өзендерінде кездеседі, бірақ барлық жерде саны аз. Кеңестік кезеңде бұл балық Жайық өзенінде кең таралған болса, кейінгі жылдары оның саны экологиялық жағдайдың нашарлауы, заңсыз аулау және өзендегі судың төмендеуі салдарынан күрт азайған.

Сирек кездесетін қонақ

Соңғы онжылдықта сирек кездесетін бекіре тұқымдас балықтар ғылыми- аулау кезінде Батыс Қазақстан аумағында кездеспегенін айта кетуге болады. Ғылыми – зерттеу ауына түскен сүйріктің биологиялық, морфометриялық көрсеткіштері өңделіп, генетикалық талдауға жіберу үшін материал алынды. Содан кейін балық табиғи тіршілік ету ортасына жіберілді.

WhatsApp Image 2025-10-23 at 13.44.40

Сүйрік – бекіре тұқымдастарының ең ұсақ түрі. Оның табиғи жолмен кездесу фактісі – өзен экожүйесінің біртіндеп қалпына келіп жатқанын көрсетеді. Жайық – Қазақстандағы ең ірі табиғи өзендердің бірі және Каспий бассейнінің маңызды бөлігі. Соңғы жылдары балық ресурстарын қалпына келтіру мақсатында аймақта бірқатар жұмыстар жүргізіліп келеді:

  • Жасанды өсіру және шабақтарды өзенге жіберу
  • Бақылау шараларының күшеюі
  • Браконьерлікпен күрес

Қазіргі таңда Қазақстанда бекіре тұқымдас балықтарды қорғау бағытында арнайы бағдарламалар мен ғылыми жобалар іске асырылуда. Бұл жобалар тек балық санын емес, сондай-ақ генетикалық әртүрлілікті, уылдырық шашатын жерлер және өзеннің экологиялық жағдайын зерттеуді қамтиды. Соңғы 3 жылда судың өңірімізге мол келуі, Жайық өзенінін оңалуына және балықтардың көбеюіне айтарлықтай септігін тигізді.

WhatsApp Image 2025

Сирек кездесетін бекіре тұұымдас балығы ғылыми – зерттер кезінде ауға түсуі – күтпеген, бірақ қуанышты жаңалық. Бұл жағдай табиғаттың өз күшін қалпына келтіре алатынын және адам тарапынан жасалып жатқан қорғаныс шараларының нәтижесіз емес екенін көрсетеді.

 

Арайлым Оралбек,

“Балық шаруашылығы ғылыми- өндірістік

орталығы” БҚО филиалының кіші ғылыми

қызметкер міндетін атқарушы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале