Бүгін Жаңақала ауданы әкімдігінің мәжіліс залында әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларды тиімді жүргізу мәселесіне арналған жиын өтті. Оған ауданның дербес бөлімдері мен мемлекеттік мекемелердің басшылары қатысты.

Жиында аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Аман Серікқалиев баяндама жасап, әлеуметтік желілерде ақпарат тарату барысында жіберілетін олқылықтар мен өзекті мәселелерге тоқталды. Ол фейк ақпараттардың алдын алу, мемлекеттік құрылымдардың біртұтас оң имиджін қалыптастыру, қоғамға жедел әрі нақты ақпарат жеткізудің маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында әлеуметтік желілерді белсенді және сапалы жүргізіп жүрген қызметкерлер аудан әкімінің алғысхатымен марапатталды. Олардың қатарында аудандық білім бөлімінен Жадыра Төлеуғалиева, аудандық орталық ауруханасынан Әйгерім Боранбаева, ауданаралық сауықтыру орталығынан Алтын Салықова, Жаңақала ЖОББМ-нен Гүлназ Абылғазиева, Жаңақала мектеп-гимназиясынан Мирзада Жолаева, №3 ЖОББМ-нен Қарлығаш Иманғазиева, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінен Бақытжан Ақбасов, «Jastar» спорт клубынан Әсел Баймұқашева және «Жауқазын» бөбекжайынан Назерке Амангелдиева бар.
Жиын соңында аудан әкімі қатысушыларды алдағы Республика күнімен құттықтап, алдағы мерекелік шараларға берсенді қатысуға шақырды.
Сыйлыхан Талапұлы
Жаңақала ауданы