24.10.2025, 17:15
Оқылды: 455

Мемлекеттік қызмет ардагері марапатқа ие болды

 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жұмыс мамандықтар жылы» деп жарияланған 2025 жыл аясында еліміздің түрлі салаларында еңбек етіп жүрген үздік мамандар еңбегі лайықты бағаланып келеді.

154d1eba-b309-4f27-a229-20aba51966ee

​Батыс Қазақстан облысы – аграрлық әлеуеті жоғары өңір. Мұнда ауыл еңбеккерлері өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, ел экономикасына елеулі үлес қосып келеді.

​Осындай ерен еңбегімен ел құрметіне бөленген азаматтардың бірі – ауыл шаруашылығы басқармасының ардагері – Отарбаев Аманбай Жолдасұлы.

​Республика күніне орай Отарбаев Аманбай Жолдасұлы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Мемлекеттік қызмет ардагері» медалімен  марапатталды.

​Аманбай Жолдасұлы 1970 жылы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтына оқуға түсіп, оны 1974 жылы «Агрономия» мамандығы бойынша білім алып, ауыл шаруашылығы саласына өмірін арнады.

​Ол өзінің еңбек жолын қарапайым агроном болып Орал облысы Жымпиты ауданы КОКП съезі XXII атындағы совхозында бастап (1975-1977 жылдары), тәжірибе жинақтап Ақтөбе облысы Темір ауданы Қайыңды совхозының №2 бөлімше агрономы, бас агрономы қызметін атқарды (1977 – 1997 жылдары).

​Кейіннен 1997-2015 жылғы дейін  Батыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылығы мен Ауыл шаруашылығы Министрлігі Батыс Қазақстан облысының аумақтық басқармаларында жетекші, бас маман лауазымдарды қызмет атқарып, зейнеткерлікке шықты

​Аманбай Жолдасұлы тәжірибелі маман, қай жұмысты қолға алса да, өз ісіне адал, беріле атқаруға күш жігерін аямаған еңбекқор азамат, үлгілі отағасы.

​Бүгінгі күні мемлекет тарапынан оның еңбегі еленіп, бұл марапат адал еңбектің, елге сіңірген қызметтің шынайы бағасы.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттігінің БҚО бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале