28.10.2025, 17:15
Оқылды: 201

БҚО-да профилактикалық рейд басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауына орай "Заң мен тәртіп" тұжырымдамасын жүзеге асыру мақсатында Батыс Қазақстан облысында кәмелетке толмағандарды анықтау бойынша профилактикалық рейд басталды.

WhatsApp Image 2025-10-28 at 17.27.16
Рейдтің басты мақсаты – жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтың алдын алу.
ҚР заңнамасына сәйкес:
Кәмелетке толмағандар (заңды өкілдерсіз) сағат 23:00-ден 06:00-ге дейін тұрғын үйден тыс жерде болмауы тиіс;
Сағат 22:00-ден 06:00-ге дейін ойын-сауық мекемелерінде де заңды өкілдерсіз жүруге болмайды;
Бұл талаптар орындалмаған жағдайда ата-аналар мен жауапты тұлғаларға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.
Аталған рейдке құқық қорғау органдарымен қатар, облыстық білім басқармасының басшысы Елдос Сафуллин, оның орынбасарлары, қалалық білім беру бөлімінің басшысы және білім беру ұйымдарының өкілдері қатысуда.

WhatsApp Image 2025-10-28 at 17.28.07
Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!

Облыстық білім басқармасы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале