Бұл кәсіби мереке күн сайын адамдардың қауіпсіздігін және мүліктің сақталуын қамтамасыз ететін мамандарды біріктіреді, - деп жазады Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметі.

Күзет құрылымдары жұмыскерлерінің қызметі жоғары жауапкершілікті, мұқияттылықты, сондай-ақ нақты әрі кәсіби әрекет етуді талап етеді. Әрбір күзет қызметкері құқықтық тәртіпті және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға өз үлесін қосады.