29.10.2025, 15:00
Оқылды: 109

Қазақстанда мейрамхана құрылысы қарқын алды — пайдалануға берілген нысандар саны рекордтық деңгейге жетті

Тоғыз айдың қорытындысы бойынша 55 мейрамхана пайдалануға берілді* — бұл жеті жыл ішіндегі, яғни бүкіл қолжетімді статистика тарихындағы ең жоғары көрсеткішЖылдан жылға бірден 1,8 есеге өскен. ҚР СЖРА ҰСБ есебіне сүйенсек, бұл көрсеткіш аталған кезең ішіндегі ең үлкен серпіліс болып тұр.

Bologna, Italy, May 16, 2024: Elegant outdoor dining setup in a picturesque european alley, featuring a neatly arranged white tablecloth, glassware, cutlery, and a candle holder on a tiled floor background. ideal for themes related to summer dining, travel, and european vacation.

Сурет: istockphoto.com

Сонымен қатар жалпы орын саны бойынша деректер он жыл аралығын қамтиды. 2025 жылдың тоғыз айындағы көрсеткіш 16,2 мың, бұл 2018 жылдың қаңтар-қыркүйек айларынан бергі ең жоғары деңгей (ол кезде 19,4 мың болған). Алайда бір мейрамханаға шаққандағы орташа орын санын есептеу мүмкін емес. Себебі пайдалануға берілген мейрамханалар статистикасына тек жаңадан салынған нысандар кіреді, ал орын саны статистикасына қайта жаңғыртылған нысандар да кіреді.
Дегенмен, бір орынның орташа құнын анықтауға болады. Ұлттық статистика бюросы пайдалануға берілген мейрамханалардың жалпы нақты құнын да жариялайды — жаңадан салынған және қайта жаңғыртылған нысандар бойынша. Сонымен қаңтар-қыркүйек айларында бұл көрсеткіш жылдан жылға 2,7 есе номиналды өсіммен 57 млрд теңгеге жуықтаған. Сонда пайдалануға берілген бір орынның орташа құны 3,5 млн теңгеге тең (номиналды түрде жылдан жылға +46%).
Айта кетерлігі, пайдалануға берілген мейрамханалар республика аумағында біркелкі бөлінбеген. Олардың 40%-дан астамы немесе 23 нысан, көшбасшы Түркістан облысына тиесілі. Екінші орында үлкен айырмашылықпен Қызылорда облысы (7 нысан), ал үшінші орында Атырау облысы тұр (5 нысан). Астанада бар болғаны бір мейрамхана пайдалануға берілген, бірақ мұндағы бір орынның нақты орташа құны ең жоғары — 12,3 млн теңге. Ол 200 орынға есептелген. Ал Алматыда ресми статистика бойынша жаңа мейрамхана пайдалануға берілмеген.

Тағы бір қызық дерек: пайдалануға берілген кафелер саны да рекорд жаңартуда. Тоғыз айдың ішінде 68 кафе пайдалануға берілген және де бұл соңғы алты жылдағы ең жоғары көрсеткіш. Жалпы орын саны 4,9 мыңға, ал жалпы нақты құны 11,7 млрд теңгеге тең.

2025 жылдың басындағы жағдай бойынша (соңғы қолжетімді ресми деректер бойынша) Қазақстанда 2,4 мың мейрамхана бар, оларда 339,1 мың орын бар. Сондай-ақ 5,2 мың кафе бар, онда 293,4 мың орын есептелген.

*Пайдалануға беру жөніндегі статистикалық нысандарды заңды тұлғалар тікелей ҚР СЖРА ҰСБ-ға тапсырады. Жеке тұлғалар жергілікті атқарушы органдарға есеп береді. Жиналған мәліметтер біріктіріліп, нысанды пайдалануға қабылдау актілері негізінде толтырылады.

Дереккөз: @DataHub_KZ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале