Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлері күніне орай Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік салада ұзақ жылдар бойы абыройлы еңбек етіп жүрген мамандарға мемлекеттік және ведомстволық наградалар табысталды. Салтанатты жиынға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, әлеуметтік сала қызметкерлерін мерекемен құттықтап, еңбектеріне табыс тіледі.

Облыс әкімі өз сөзінде:
«Әлеуметтік қорғау саласы – халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ең жауапты әрі адамгершілікті талап ететін бағыттардың бірі. Бұл салада еңбек етіп жүрген әрбір маманның еңбегі – қоғамдағы тұрақтылық пен ізгіліктің айғағы. Баршаңызға мықты денсаулық, отбасылық амандық және жаңа жетістіктер тілеймін», – деді Нариман Төреғалиев.

Салтанатты шарада әлеуметтік сала қызметкерлеріне мемлекеттік және министрлік деңгейдегі марапаттар табыс етілді.

«Ерен еңбегі үшін» медалімен
Баймурзина Ақжанар Шаймарданқызы, Канетова Жолдықыз Қабдықұлқызы.

«Еңбек ардагері» медалімен
Қарменов Ғабдрашит Қарменұлы.

«Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен
Хангереев Самат Нағымұлы.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасымен
Сенчило Людмила Михайловна, Ғалиева Тәрбие Аманғалиқызы, Кадерова Нұргүл Тасболатқызы, Жүніс Талшынай Орынбекқызы, Кентугаева Батима Махамбетқызы, Нурланбаева Қырмызы Жексенғалиқызы.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Алғыс хатымен
Ысмағұлова Ақтілек Талапқызы, Емельянова Земфира Қайырбекқызы, Молдашева Салтанат Қадерқызы.

Марапат иелеріне облыс әкімінің атынан жылы лебіздер мен естелік гүл шоқтары табысталып, іс-шара соңы естелік суретке түсу рәсімімен қорытындыланды.
Бекзат Қанәділ,
zhaikpress.kz