30.10.2025, 14:30
Оқылды: 42

Жастарға рух берер тарихи сапар

Сырым колледжінің «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының студенттері Аралтөбе ауылдық округіне тарихи-танымдық жорық жасады.

жастарға рух берген сапар 1

Жорық аясында студенттер жалпы білім беретін Аралтөбе орта мектебіндегі музейге саяхат жасап, Ұлы Отан соғысы батырлары мен ел тарихында ерекше із қалдырған тұлға — Жәрдем Тілековтың өмірі мен шығармашылығымен танысты.

Музей қорындағы тың деректер мен құнды жәдігерлер жайында ЖББ Аралтөбе орта мектебінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Ерболат Жұмабаев кеңінен әңгімелеп берді. Ол соғыс және еңбек ардагері, жазушылар одағының мүшесі, «Сырым батыр» поэмасының авторы Жәрдем Тілековтың өмір жолы мен әдеби мұрасына тоқталып, студенттерге тағылымды ақпараттар ұсынды.

Жәрдем Тілеков соғыстан кейін Семей облысындағы Жазушылар одағы басқармасында қызмет атқарып, әдебиет пен руханияттың дамуына өзіндік үлес қосқан қаламгер.

Тарихи-танымдық жорықтың басты мақсаты – Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін насихаттау, жас ұрпақтың бойында елге деген сүйіспеншілікті арттыру және патриоттық рухты қалыптастыру болды.

Осындай тағылымды шаралар жастардың тарихи санасын жаңғыртып, ел мен жерге деген құрмет сезімін күшейтеді.

Тельман Исатаев,

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале