30.10.2025, 11:30
Оқылды: 143

БҚО-да автомобиль көлігі мен жол саласының мамандары марапатталды

БҚО-да автомобиль көлігі қызметкерлері және автожол саласы жұмыскерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман Төреғалиев қатысып, сала мамандарын кәсіби мерекемен құттықтады.

WhatsApp Image 2025-10-30 at 12.29.04 (1)

Өңір басшысы өз сөзінде сала мамандарының күнделікті қажырлы еңбегі – ел экономикасының дамуына, тұрғындардың өмір сапасын арттыруға зор үлес қосатынын атап өтті:

– Биылғы 2025 жыл елімізде Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен «Жұмысшылар жылы» деп жарияланды. Бұл шешім – қарапайым еңбек адамдарының қоғамдағы мәртебесін арттыру, олардың еңбегін лайықты бағалау мен әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған маңызды қадам. Осы орайда көлік саласының қызметкерлері – ел экономикасының тірегі, еңбек адамының айқын үлгісі, – деді өңір басшысы Нариман Төреғалиев.

WhatsApp Image 2025-10-30 at 12.29.05

Батыс Қазақстан облысында автомобиль жолдарын жаңғырту және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жалғасуда.

2023-2024 жылдары облыста «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасы мен «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында барлық деңгейдегі 1000 шақырымнан астам жол жөндеуден өтті.

WhatsApp Image 2025-10-30 at 12.29.05 (1)

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыс орталығы мен оңтүстік аудандар – Казталов, Жәнібек, Бөкей ордасы бағытындағы көлік қатынасын жақсарту мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылды. Жалпы ұзындығы 245 шақырым жол күрделі жөндеуден өткізілді.

Ал биыл - 2025 жылы облыс аумағында ұзындығы 485,2 шақырым жолды жөндеу жоспарланған болатын. Бүгінгі күнге дейін сол жоспардың басым бөлігі – 379 шақырым жол жөнделді.

WhatsApp Image 2025-10-30 at 12.29.05 (2)

2024 жылдан бастап республикалық маңызы бар «Хан Ордасы» мұражай-қорығына апаратын негізгі жол – ұзындығы 21 шақырым болатын «Хан Орда ауылына кіреберіс» жолы орташа жөнделуде.

Қазіргі таңда өңірде бірқатар маңызды жол жобалары іске асырылып жатыр. Атап айтқанда: «Чапай-Жангала-Сайхын», Барбастау-Ақжайық-Индер, «Бөрлі-Ақсай-Жымпиты», «Орал-Федоров-РФ шекарасы» автомобиль «Орал-Тасқала-РФ шекарасы» бағыттарындағы жолдар бойынша жөндеу жұмыстары жалғасуда.

WhatsApp Image 2025-10-30 at 12.29.04

Жиын барысында сала ардагерлері мен сала үздіктеріне наградалар, сондай-ақ облыс әкімінің алғыс хаттары табыс етілді.

 

БҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале