31.10.2025, 18:00
Оқылды: 70

«Halyq zańgeri» акциясы аясында азаматтар қабылданды

Бүгін Жаңақала ауданында «Halyq zańgeri» атты республикалық акция өтті. Шараның мақсаты – тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беру және олардың өзекті мәселелерін шешуге жәрдемдесу.
image-31-10-25-03-52
Азаматтарды қабылдауды аудан әкімі Алпамыс Көшкінбаев пен аудан прокуроры Қанабіл Төремұратов жүргізді. Сонымен қатар қабылдауға аудан әкімінің орынбасары Ерлан Қажиев, БҚО адвокаттар алқасының адвокаты Аслан Еслямғалиев, нотариус Гүлбаршын Еслямғалиева, аудандық соттар әкімшісі басшысының міндетін атқарушы Сағыныш Таңатарова, ауылдық округ әкімі Абат Ишанов, аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары Мейірбек Құспанов, сондай-ақ аудандық мекеме және бөлім басшылары қатысты.
image-31-10-25-03-52-3
Қабылдау барысында 18 тұрғын келіп, өз сауалдарын қойды. Оның ішінде 2 адам – жеке мәселе, 7-еуі – жұмысқа орналасу, 5-еуі – жер қатынастары, ал 4 адам – тұрғын үй мәселесі бойынша сұрақтарына жауап алды.
Мамандар әр азаматтың өтінішін мұқият тыңдап, заң аясында түсініктеме мен кеңес берді. Мұндай акциялар халықтың құқықтық сауаттылығын арттырып, мемлекеттік органдар мен тұрғындар арасындағы байланысты нығайтуға ықпал етеді.
Сыйлыхан Талапұлы, 
Жаңақала ауданы 
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале