1.11.2025, 17:30
Оқылды: 168

Мбаппе «Алтын бутсы» иегері атанды

Қазан айының соңғы күндері "Реал Мадридтің" жұлдызы Килиан Мбаппе өнімді еңбегі үшін бірден екі марапатқа ие болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

photo-output

Instagram/ReaLmadrid

Алдымен Мбаппеге өткен маусымдағы мергендігі үшін "Алтын бутсы" табысталды, ол Ла Лигадағы Реал Мадридтің сапындағы бірінші жылында қарсыластар қақпасына 31 гол салып тастады.

"Серіктестерге алғыс айтамын, командалық марапаттар - ең бастысы, ал "Реал" атынан ойнау - арман. Биылғы командамыз керемет", - Килиан Мбаппе.

Осыдан кейін Килиан екінші ай қатарынан Ла Лига сапындағы үздік ойыншы атанды. Корольдік клубтың шабуылшысы қазан айында чемпионаттың үш ойынының әрқайсысында бір-бірден гол соқты.

Марапаттау рәсімінен кейін журналистерге берген сұқбатында ол қазіргі командасын әлемдегі ең мықты клуб деп атады. Бірақ алдында ойнаған командасы жайлы айтуды да ұмытпады.

"Бұл - әртүрлі тарихы бар өте әртүрлі клубтар. ПСЖ - әлдеқайда жас клуб, ал "Реал" әлдеқашан құрылған және бай тарихы бар. Олардың мәдениеті де әртүрлі, сөзсіз, "Мадрид" - әлемдегі ең жақсы клуб, бірақ ПСЖ да үздіктер қатарына кіреді. Мен "Реал" мен "Париждің" бір бөлігі болғанымды мақтан тұтамын", - Килиан Мбаппе.

Жақында Мбаппенің шабылдаушы ерекше қабілетіне қазақстандық футбол жанкүйерлері де көз жеткізді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале