2.11.2025, 16:00
Оқылды: 163

Өзбекстанда 24 шаршы метрлік пәтерде 35 адам тіркеуде тұрған

Өзбекстан Республикасының Мемлекеттік салық комитеті «E-ijara» ақпараттық жүйесі арқылы тіркелген жылжымайтын мүлік жалдау шарттарын талдау кезінде ерекше жағдайды анықтады. 

Тұрғын үй ЖП/ дом Автор Гүлмира Сарсенғали

Белгілі болғандай, жалпы ауданы 24 шаршы метрлік пәтерде 35 адам тіркелген. Бұл әрбір жалға алушының небәрі 0,7 шаршы метр алаңы бар екенін білдіреді.

Сондай-ақ жалға алушылардың екеуімен жасалған келісімшарттарда жалға алынған пәтердің ауданы 0,5 шаршы метр деп көрсетілген, ал ай сайынғы жалдау ақысы 1,5 миллион сум болып белгіленген.

Өзбекстан заңнамасына сәйкес, лайықты өмір сүрудің әлеуметтік нормасы бір адамға кемінде 16 шаршы метрді құрайды.

Мемлекеттік салық комитеті азаматтарға тұрғын үйді жалға беру кезінде жалға алушылардың жайлы өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік нормаларды қатаң сақтау қажеттілігін еске салды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале