3.11.2025, 10:00
Оқылды: 107

Балаға зәбір көрсеткен: Оралда балабақшадағы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды

Орал қаласындағы балабақшада болған келеңсіз оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, - kaz.inform.kz

Полиция ЖП

Фото сайт архивінен 

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі кезде оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

— Орал қаласындағы балабақшада баланың зәбір көруіне қатысты, ҚР ҚК 140-бабы 2-бөлігіне (кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасып жатыр, - деп хабарлады ведомстводан.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале