3.11.2025, 12:30
Оқылды: 109

Адам папиллома вирусына қарсы екпе жұмыстары жалғасуда

Қазақстан Республикасының Ұлттық екпе күнтізбесіне сәйкес, 11 жасқа толған қыздарға адам папиллома вирусына (АПВ) қарсы вакцинация ата-анасының немесе қамқоршысының жазбаша келісімінен кейін жүргізіледі.

Doctor holding a vial with a vaccine. flu and coronavirus vaccinations concept

Сурет: istockphoto.com

12–13 жас аралығындағы қыздарға да қайталама (қосымша) егу жұмыстары жалғасуда.

Вакцинацияның толық курсы — екі доза, арасы 6 ай.

2024 жылдың қыркүйек айынан бастап АПВ-ға қарсы егумен қамтылғандар:

  • 11 жастағы 1128 қыз бала — бірінші дозасын алды;
  • 11 жастағы 2284 қыз бала — екі кезеңді егуді толық аяқтады;
  • 12–13 жастағы 2389 қыз бала — қосымша егумен қамтылды.

Бүгінгі күні облыс бойынша барлығы 5801 қыз бала адам папиллома вирусына қарсы екпе алды.

Егілгендер арасында иммундаудан кейінгі қолайсыз көріністер тіркелген жоқ.

Қазіргі таңда облысымызда Гардасил вакцинасы қолданылады. Бұл вакцина АПВ-ның 6, 11, 16 және 18 типтерінен қорғайды. Вакцинаның өндірушісі — АҚШ.

Адам папилломасы вирусы – бұл теріні және дененің әртүрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы.

АПВ-ның 200-ден астам түрі бар, олардың 14 түрінде онкологияның (қатерлі ісік) даму қаупі жоғары.

Адам папиллома вирусына қарсы Екпе - бұл АПВ вирусын жұқтырудан қорғанудың қауіпсіз және тиімді әдісі.

 

 

Кенжегүл Мұхитова,

 Батыс Қазақстан облысы

 санитариялық-эпидемиологиялық бақылау

 департаментінің баспасөз маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале