4.11.2025, 9:30
Оқылды: 109

Мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Ғылым-білімге ұмтылған, елін-жерін көркейтуді ойлайтын жастарға әрдайым жан-жақты қолдау көрсете береміз. Біз қолға алған ауқымды жұмыстың бәрі жастардың жарқын болашағы үшін жасалып жатыр. Өскелең ұрпақ ертең соның илігін көреді, оны еселеп, лайықты жалғастырады...» деп жастарға сенім артты.

f053db62-74fb-4572-8dcc-4be27b0fa608

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының филиалы жанынан құрылған «Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің оқу жылының ашылуы өтті.  Мектепке облыстағы жоғары оқу орындарының соңғы курс студенттері қабылданды.

Жоба мемлекеттік қызметке жаңа леп әкелетін талантты жастарды тарту мақсатында 2018 жылы қолға алынды.  Ағымдағы оқу жылына қазан айында іріктеу жүргізіліп, мектепке 24 тыңдаушы қабылданды.

Оқыту бағдарламасы мемлекеттік қызметке кіру үшін қажетті құзыреттерді арттыру курстарына бағытталған.

Оқыту шеңберінде тестілеу бағдарламасына енгізілген нормативтік-құқықтық актілер бойынша оқыту курстары, жеке және кәсіби құзыреттерді дамыту бойынша білікті мамандармен тренингтер, мемлекеттік органдардың жұмыс барысымен танысу мақсатында «Ашық есік күні» шараларын қамтиды. Бұдан басқа, жоғары курс студенттерінің өндірістік практикасы аясында өздері таңдаған мемлекеттік органдарда тағылымдама ұйымдастырылады.

Шарада Департамент басшысы Мұрат Байсалов, бүгінде елімізде жастарды қолдауға бағытталған жобалар мен өзгерістерге жастардың тез бейімделетінін, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуын үздік бітірген студенттер үшін осы оқуды бітіргеннен кейін бір жыл ішінде конкурс өткізілместен «Б» корпусының белгіленген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу жоғары мүмкіндік екендігін атап өтті.

Аталған тәртіппен біздің өңірімізде 2023 жылы – 9,
2024 жылы – 40, 2025 жылдың 9 айында –  24 жас түлек мемлекеттік қызметке қабылданды.

Бұл бастама мемлекеттік қызметке жас, білікті мамандарды тартумен қатар, ауылдық, аудандық деңгейдегі кадр тапшылығын жоюына септігін тигізеді.

78980f99-6775-43b5-99de-213c8920be70

Кездесу соңында Мұрат Байсалов болашақта өз тағдырын мемлекеттік қызметпен байланыстырғысы келетін дарынды, белсенді жастарды болашақта қолдана алатын тәжірбиелік дағдыларды алуға шақырды.

Іс-шара «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметі туралы» алғашқы дәрісімен аяқталды.

 

Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале