5.11.2025, 17:45
Оқылды: 48

Қазақстанда ипотекалық несиелер бойынша жаңа әдістеме әзірлеу жоспарлануда

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова 2025 жылғы 5 қарашада Мәжіліс отырысында ипотекалық несиелеу әдістемесін қайта қарау жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

800x4

Фото: zakon.kz

Мадина Әбілқасымованың айтуынша, 2024 жылы барлық тұтынушылық несиелер бойынша мөлшерлемелер 56%-дан 46%-ға, ипотекалық несиелер бойынша 30%-дан 25%-ға, ал кепілсіз несиелер бойынша 45%-ға дейін төмендетілген.

"Биыл ипотекалық несиелердің мөлшерлемесін 20%-ға дейін төмендеттік. Алайда қазан айында Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18%-ға дейін көтерген соң, көптеген банктер ипотекалық несиелер беруді уақытша тоқтатты. Бұл норманы біз 2026 жылғы 1 шілдеге дейін ұзарттық. Осы уақытқа дейін Ұлттық банкпен бірлесіп, бастапқы мөлшерлемеге байланысты жаңа әдістеме әзірлейміз. Сол бойынша нақты пайыздық мөлшерлеме бекітіледі", – деді агенттік төрағасы.

Оның айтуынша, тұтынушылық несиелер бойынша да осындай жұмыс жүргізу жоспарланып отыр.

"Қазіргі таңда нарықтағы орташа мөлшерлеме шамамен 35–36% деңгейінде. Біз жаңа әдістеме арқылы осы деңгейге дейін төмендетуді көздеп отырмыз, әрі бәсекелестік есебінен пайыз мөлшерлемелері тағы да азаюы мүмкін", – деп атап өтті Мадина Әбілқасымова.

Айта кетсек, 2025 жылғы 4 қарашада хабарланғандай, Қазақстанның банк секторында (оның ішінде 15-і шетелдік қатысуы бар 23 банк) несиелеу сұранысының артуына байланысты тұрақты өсім байқалуда. Биылғы жылдың басынан бері кредиттік портфель 14,6%-ға өсіп, 38,7 трлн теңгеге жеткен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале