6.11.2025, 17:15
Оқылды: 150

Сырым ауданына 5, 1 млрд теңге жеке инвестиция тартылған

Бүгін Сырым ауданының әкімі Жұмагелді Батырниязов Батыс Қазақстан облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Сырым ауданының әлеуметтік - экономикалық дамуы туралы баспасөз мәслихатын өткізді.

PHOTO-2025-11-06-13-32-36

Мәслихат “AQJAYIQ” телеарнасының тікелей эфирінде таратылды.

Өңір басшысы Нариман Төреғалиев Сырым ауданына келген сапарларынла ауданның транзиттік әлеуетін тиімді пайдалануды, инвестиция тартуды жиі айтып жүр.

Жұмагелді Жолдыбайұлы бүгін осы тапсырманың орындалу барысын баяндады.

Ауданда 2025 жылдың басынан негізгі капиталға салынған инвестициялар 8,3 млрд теңгені құраса, оның ішінде жеке инвестиция көлемі  5,1 млрд. теңгеболып отыр. Қалған 3,2 млрд теңге - бюджеттік.

- Бүгінгі күнге аудан бойынша жалпы құны 5,4 млрд.теңге болатын 21 жоба жүзеге асырылуда. Аталған жобалар аясында 145 жаңа жұмыс орны ашылады.Ірі жобалар деп құны 1 млрд. теңгені құрайтын тауарлы сүт фермасының 660 млн. теңге болатын 800 басқа арналған мал бордақылау алаңының құрылыстарын атап өтуге болады, - деді аудан әкімі.

Осы секілді, Жымпитыдан екі жанармай бекеті ашылмақ. Бірі - құны 600 млн.теңгеге «Alash Metan» ЖШС автокөліктерге арналған газ құю бекеті, екіншісі “Бұлан” ШҚ салып жатқан құня 150 млн теңгені құрайтын жанар-жағармай құю станциясы.

Кәсіпкер тек  кәсіптен нәсіп табушы адам емес, өңірдің дамуына үлескер тұлға екені рас. Жұмагелді Батырниязов сөзіне мысалы ретінде белгілі бизнесмен Нұржан Абдрахманның Жымпитыдан өз қаражаты есебінен спорт алаңын салғанын  атап өтті.

 

Бауыржан Ширмединұлы,

Сырым ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале