16.01.2017, 11:09
Оқылды: 52

Ислам әлемінің екіге жарылуына жол беруге болмайды - Назарбаев

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапарының бірінші күні БАӘ-нің ірі бизнес өкілдерімен кездесумен аяқталды деп жазады Қазақпарат.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев экономика саласындағы екіжақты Қазақстан-Араб қарым-қатынастарынан бөлек Астанада Сирия бойынша конференция өткізу келешегі жайында да айтып берді. «Бұл (Сирия жанжалын реттеудің Астана процессі) өтуі мүмкін және ол біздің осы өңірдегі бейбітшілікті дамытуға қосқан үлесіміз болады. Мен Иран президенті мен Сауд Арабиясы королімен олардың қарым-қатынастарын жақсарту үшін арнайы келіссөздер жүргіздім. Ислам әлемінің екіге жарылуына жол беруге болмайды.  Сондықтан ислам елдерінің, мұсылман мемлекеттерінің бірлігі, бұл елдердің ғылыми-техникалық прогреске, инвестицияға, инновацияға жұмыс істейтін исламға бейім мемлекеттерге бағдарлануы - бұл біздің жолымыз. Бір кездері ислам әлемі ғылым мен техникада бүкіл ғаламшарды басқарған еді. Біз прогреске, ғылым мен болашаққа бағдарлануымыз қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Кездесу соңында БАӘ-ның іскерлік орта өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевқа жеке кездесу мүмкіндігін бергені үшін шынайы ризашылықтарын білдірді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале