11.11.2025, 12:30
Оқылды: 79

Каратэдан олжалы оралды

Атырау қаласында шито-рю каратэден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

каратэ

Жарысқа еліміздің барлық аймақтарынан келген (Алматы, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары мен Астана, Алматы, Шымкент) 700-ге жуық спортшы қатысып, өз шеберліктерін көрсетіп, бақ сынады.

Бұл додада Батыс Қазақстан облысының құрамасы сапында ауданымыздың “Балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің” 9 спортшысы қатысып, өз мүмкіндіктерін жоғары деңгейде көрсетті.

Жерлестеріміз тәжірибе жинап, болашақ жарыстарға тың дайындықпен оралды.

Чемпионат жас спортшылардың шеберлігін шыңдап қана қоймай, каратэ спортының елімізде кеңінен дамып келе жатқанын тағы бір дәлелдеді. Жарыс қорытындысында каратэшілер жеңіс тұғырының үшінші сатысынан көрінді. Олар – «Ката» бағдарламасы бойынша (10-11 жас арасындағы ұлдар) Азиз Ибадуллаев, аталған осы бағдарламадағы 12-13 жас қыздар арасынан  Жасмин Жаманова, ал «Кумилэ» бағдарламасында 12-13 жас ұлдардан Санжар Тәжғалиев.

Айта кетейік спортшыларды жарысқа дайындаған жаттықтырушы Дархан Сапаров.

Сәнім Меңдібай,

Бөрлі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале