11.11.2025, 17:45
Оқылды: 246

Қаратөбе ауданы: Саралжында «Мадина+» супермаркеті ашылды

Қаратөбе ауданында шағын және орта бизнес дамып, жеке кәсіпкерлікпен айналысам деушілердің қатары күннен күнге артып келеді. Отбасылық шағын кәсіпті дамытуды басты назарға ұстаған Айбек Дәулетов Саралжын ауылынан «Мадина+» атауымен супермаркет ашты.

WhatsApp Image 2025-11-11 at 16.18.16 (7)

Жаңадан ашылған дүкеннің ашылу салтанатында сөз сөйлеген Саралжын ауылдық округінің әкімі Дәулет Оразақаев:

– Бүгін ауылымыз үшін қуанышты жағдай. Ауылымыздың экономикалық дамуына үлес қосып, тұрғындардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған жаңа сауда нысаны ашылғалы тұр.

WhatsApp Image 2025-11-11 at 16.18.16 (2)

Кәсіпкерлік саласы ел экономикасының дамуының, жұмыспен қамтудың, халықтың әл ауқатын көтерудің негізі десек болады.

Супермаркет ашып отбасылық кәсібін дамытып отырған Айбек ағамыз бен Ақбазар апамыздың бастаған ісіне сәттілік тілеймін,- деді.

WhatsApp Image 2025-11-11 at 16.18.16 (1)

Сауда орталығының ашылуында супермаркет иесінің аяулы анасы Ырысты Жардемова мен жеке кәсіпкер Айбек Даулетов нысанның ашылуына жиналған ауыл тұрғындары мен қонақтарға алғысын білдіріп, қолдауларына ризашылығын жеткізді.

Жаңадан ашылған дүкеннің лентасын Саралжын ауылдық округінің әкімі Дәулет Оразақаев пен жеке кәсіп иесінің анасы Ырысты Жардемова қиды.

WhatsApp Image 2025-11-11 at 16.18.16 (5)

Өз қаражатына дүкеннің құрылыс жұмыстарын жүргізіп, тұтынушыларға барлық қолайлы жағдайды жасаған кәсіп иесі Айбек  Даулетов қажетті азық-түлікті қолжетімді бағамен қамтуды қолға алған. Супермаркер құрылысын 2023 жылы бастап, биылғы қараша айында қолданысқа беріп отыр. Сауда орталығының жанында нан, тәттілер пісіретін шағын наубайханасы да бар.

WhatsApp Image 2025-11-11 at 16.18.16 (9)

– Саралжын ауылы туып өскен ауылым. Халыққа қызмет жасау бағытында кәсібімізді кеңейттік. Қажетті тауарларды Орал қаласынан аптасына екі мәрте әкеліп тұрамыз. Жаңадан бой көтерген дүкеннің жоба құны 30 млн теңгені құрайды. Қазіргі таңда сегіз адамды жұмыспен қамтып отырмыз, - дейді жеке кәсіпкер Айбек Жауғаштыұлы.

WhatsApp Image 2025-11-11 at 16.18.16 (8)

Жаңа дүкеннің ашылуына келген ауыл тұрғындары дүкенді аралап көріп, саудаларын жасады.

Аталған сауда орталығының іші таза, кең әрі жарық, барлық санитарлық талаптар сақталған.

 

Серікбай Хасанов,

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале