14.11.2025, 14:30
Оқылды: 227

Президент Жолдауы –жаңа дәуірдің бастамасы

Тасқала ауданына іссапармен келген  Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев аудандық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесті. 
image-14-11-25-10-03
Кездесудің мақсаты, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан» өзекті мәселелер оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылай отырып, одан  туындайтын маңызды істерді халыққа насихаттау болатын.
Аталмыш шараға, аудан әкімі Талғат Шакиров, аудан прокуроры Алмас Унаев пен «AMANAT» партиясы Тасқала аудандық филиалының төрағасы Люция Жұбанышқалиева, аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева, аудан әкімінің орынбасары Әли Бердешов пен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Ганмирлан Ғұсманов,  сондай-ақ,   ауданымыздың зиялы қауым өкілдері мен мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметшілер мен қатар білім беру, медицина, мәдениет, құқық қорғау  саласының өкілдері, ауылдық округ әкімдері мен жергілікті қауымдастық мүшелері қатысты.
image-14-11-25-10-03-2
Келелі кездесуге облыс әкімінің орынбасары Қайыржан Меңдіғалиев төрағалық етті.
Бүгін біз мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауы аясында бас қосып отырмыз.
Бұл жолдау — ел дамуының жаңа бағытын айқындап берген маңызды саяси құжат. Онда экономиканы цифрландыру, жасанды интеллект технологияларын енгізу, білім беру мен еңбек нарығын жаңа заман талабына бейімдеу сияқты өзекті мәселелерге ерекше назар аударылған. Қазіргі таңда әлем тез өзгеріп келеді. Осындай кезеңде цифрлық трансформация мен инновациялық технологияларды дамыту – елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты кепілі. Сондықтан Президентіміздің бұл бастамалары әрбір өңір үшін үлкен мүмкіндік- деген Қайыржан Ермекұлы, алғашқы сөзді Тасқала ауданының әкімі Талғат Шакировке берді.
 Талғат Асқарұлы өз баяндамасында Президент Жолдауынан туындайтын жаңа бастамаларды  тілге тиек ете отырып,  аудан бойынша осы бағытта  атқарылған  жұмыстарға тоқталды.
image-14-11-25-10-03-3
Жолдауда еліміздің әлеуметтік-экономикалық және цифрлық дамуының негізгі басым бағыттары белгіленіп, бірқатар маңызды міндеттер айтылды. Соның ішінде  елге қомақты инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібі  мен ауылшаруашылығының дамуына жаңа серпін беру, сондай-ақ көлік логистикасын  одан әрі дамыту, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы  мен су инфрақұрылымын жаңғырту, цифрлық технологияларды енгізу бағыттары бар. Біздің міндетіміз-осы бағытта бірлесе жұмыс жасап, әр тапсырманың нақты нәтижесін аудан деңгейінде қамтамасыз ету. Сондықтан, Президент тапсырмасына сай цифрландыру мен жасанды интеллектіні енгізу бағытында ауқымды жұмыстар қолға алынып, кезең-кезеңмен жүзеге  асырылатын болады. Ал, мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру, ауыл шаруашылығына заманауи технологияларды енгізу, білім саласын жаңа технологиямен қамтамасыз ету, жастардың IT-білімін арттыру – біздің басым бағыттарымыздың бірі болып қала береді. Алайда аудан бойынша электр желілерінің тозуы, әлеуметтік нысандарды және жолдарды күрделі жөндеу сынды өзекті мәселелерімізде күн тәртібінен түскен жоқ. Бұл жұмыстар алдағы уақытта оң шешімін табу үшін жұмыстанатын боламыз, - деді өз сөзінде.
image-14-11-25-10-03-4
Одан әрі аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, еңбек ардагері Ганмирлан Тұрғаналиев сөз алып, Президент Жолдауында айтылған  жасанды интеллект мәселесіне тоқталды. Елімізде, оның пайдасы мен зияны туралы пікірдің де  екіге бөлінгенін жасырмады. Әсіресе, мектеп оқушыларының сабақ дайындауда осы жасанды интеллектіге сүйеніп, дайын дүниені көшіріп әкелетініні, тілге тиек етті. Бұл телефонға деген тәуелділіктен арыла алмай жүрген балалардың сауатынан қалаберді ойлау қабілетінен  айырылуына әкеліп соқпайма деген қынжылысын да жасыра алмады. Ал,  аудандық мәслихат төрағасы Жанар Бисенғалиева ұлттың ұйытқысы, қоғамның тірегі дәстүрлі отбасы жайында өз ойымен бөлісті.  Осы бағытта жасанды интеллект  тәрбиелік байланыстың үзілуіне әсер етпеу керектігін жеткізді.
image-14-11-25-10-03-1
Кездесу соңында жиынды қорытындылаған  Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысының ыстық сәлемін жеткізе отырып, бүгінгі кездесуге арқау болған Ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауына тоқталды. Бұл Жолдау шын мәнісінде мемлекеттік маңызы бар құжат. Оның саяси салмағы мен  идеологиялық мәні болады. Ал иделогиялық мән  дегеніміз  ол асыл мұра. Ия, біз тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында әуелі экономика, сосын саясат деген қағиданы ұстандық. Себебі, ол кезде аяққа тұрып, еңсені көтеру керек болды. Бірақ, дәл қазір  біз қазір қаншалықты экономикаға мән беріп отырсақ, соншалықты саясатқа да мән беріп келеміз. Яғни кез-келген дүниенің астарында саяси салмағы мен идеологиялық мән жатуы тиіс.  Сондықтан, Ел Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында біз осындай саяси тұстарды еске салуымыз керек. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Жолдауында экономикадағы мемлекеттік басқарудағы және әлеуметтік саладағы негізгі міндеттерді шешу үшін цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні қолдануға бағытталған кешенді реформалар бағдарламасын ұсынды. Жасанды интеллектіні әр салаға енгізу, сонау 5 жыл бұрын пандемия кезінде басталған цифрлық трансформацияны ары қарай жалғастыру бұл өрлеудің белгісі. Цифрлық трансформация бұл өмір сапасын арттыру үшін. Оған еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға арналған құрал ретінде қарау керек. Біздің түпкі мақсатымыз да сол. Стратегиялық міндеттеріміздің бірі Қазақстанды толыққанды цифрлық державаға айналдыру-деген  Мәлік Нұржанұлы Президент Жолдауында жүктелген  маңызды міндеттерді халыққа қарапайым тілмен егжей-тегжейлі жеткізді. Халықта жылы қабылдады.
Мұндай кездесулер Мемлекет басшысы айқындаған басымдықтарды жергілікті деңгейде түсіндіріп, ел игілігіне бағытталған реформалардың іске асуына айтарлықтай үлес қосатынына сенім мол.
Назгүл Серікқызы,
Тасқала ауданы
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале