Мұндай қызметті жыл басынан бері Қаратөбе аудандық пошта байланыс торабы да бастады. Қалаға барып, әуре болмай-ақ аудан орталығындағы пошта байланыс торабынан қалаған бағытқа әуе және пойыз билеттерін сатып алу тұрғындар үшін тиімді мүмкіндік болып отыр.
Сондай-ақ елордамыз Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне билеттер сатып алуға да мүмкіншіліктер бар. Жол жүру тасымалын таңдау жолаушы-тұрғындар еркінде. Билеттерді тез әрі ыңғайлы уақытта кедергісіз алуға толыққанды жағдай жасалынған.
Маралбек АМАНТАЕВ
Қаратөбе ауданы