18.11.2025, 16:45
Оқылды: 209

«Әдеп. Парасат. Абырой.» – Мемлекеттік қызметтегі сабақтастық пен жауапкершілік негізі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мемлекеттік қызмет саласындағы негізгі құндылықтар мен этикалық нормаларды белгілейді. Кодекс талаптары мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік саясатты дәйекті түрде жүзеге асырып, қоғамның мемлекеттік қызметке деген сенімін сақтауға және нығайтуға міндеттейді.

WhatsApp Image 2025-11-18 at 17.16.17 (2)

Мемлекеттік қызмет – мемлекет пен халықтың ерекше сенімін білдіретін жауапты міндет. Осыған сәйкес мемлекеттік қызметшілерге адалдық, заң талаптарын сақтау, кәсібилік және адамгершілік қасиеттерді ұстану секілді жоғары талаптар қойылады. Әрбір мемлекеттік қызметшінің жеке дамуы қоғамдағы оң өзгерістердің бастауына айналуы мүмкін, сондықтан олардың күнделікті қызметіндегі әдебі мен парасаттылығы қоғамға үлгі болуы қажет.

Осы құндылықтарды дәріптеу мақсатында өткен аптада «Әдеп. Парасат. Абырой.» тақырыбында кездесу ұйымдастырылды. Шара – мемлекеттік қызметке алғаш қабылданған жас мамандардың еңбек ардагерлерімен және салада ұзақ жыл қызмет еткен мамандармен жүздесіп, олардың ақыл-кеңестері мен тәжірибесін тыңдауына бағытталған маңызды алаң болды.

WhatsApp Image 2025-11-18 at 17.16.18

Кездесу алдында жас мемлекеттік қызметшілер Мәншүк Мәметова мемориалдық музейі мен Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейіне экскурсия жасап, өңір тарихымен танысты.

Шара облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі А.Хайруллинаның бастамасымен және «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы С.Сүлейменнің қолдауымен ұйымдастырылып, Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті.

Басқосуға «Қызмет» мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету қызметкерлерінің салалық кәсіподағы қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Серік Кенжебекұлы Сүлеймен, мемлекеттік қызмет ардагері Наурызбай Қадырбайұлы Қарағойшин, Х.Бекеева атындағы қазақ драма театрының актері әрі режиссері Самал Қадерұлы Абуов және өңір аудандарынан келген жас мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

Кездесу барысында шақырылған қонақтар жас мамандармен өздерінің өмірлік тәжірибелерін бөлісіп, мемлекеттік қызметтегі адалдық, әдеп, жауапкершілік және кәсіби даму мәселелеріне қатысты құнды кеңестерін берді. Бұл – мемлекеттік қызметке жаңадан келген жастар үшін аса маңызды бағыт-бағдар болды.

WhatsApp Image 2025-11-18 at 17.16.17 (1)

Айта кетейік, шарадан кейінгі келесі күні, 14 қарашада, «Тәуелсіздік тұғырым» атты қазақша Quiz зияткерлік ойыны өткізіліп, үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталды.

Шара мемлекеттік қызметтегі ұрпақтар сабақтастығын нығайтып, жас мамандардың кәсіби әрі тұлғалық дамуына оң ықпал етеді.

 

Бекзат Қанәділ, 

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале