19.11.2025, 12:15
Оқылды: 56

Шыңғырлауда аудандық спартакиада өтті

Шыңғырлау ауданында жас ұрпақтың бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, ынтымақ пен достықты дәріптеу мақсатында оқушылар арасында аудандық спартакиада өтті. Жарысқа аудан мектептерінен құрылған командалар қатысып, спорттың бірнеше түрінен өзара бақ сынады.

image-19-11-25-12-42

Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Шыңғырлау спорт клубы ұйымдастыруымен өткен шарада мектеп оқушылары футбол, волейбол, жүгіру, кермеге тартылу сынды спорт түрлерінен жарысты. Ашылу салтанатында командалар ортаға салтанатты түрде шақырылып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалды.

Салтанатты шарада бөлім басшысы сөз сөйлеп, қатысушыларды құттықтап, жас жеткіншектердің бойында спортқа деген қызығушылықты арттыру – болашақтың жарқын кепілі екенін атап өтті.

image-19-11-25-12-42-2

- Елімізде спортты дамыту мен насихаттауға айрықша мән беріліп, мемлекет барынша көп азаматты, әсіресе жастарды, спортпен айналысуға жан-жақты қамқорлық жасап отыр. Бұл жарыстың басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау ғана емес, сонымен қатар оқушылардың бір-бірімен достасуына, ынтымақ пен серіктестікті нығайтуға ықпал ету. Спорт арқылы тәрбие беру әрқашан өз жемісін береді, – деді Олжас Нұрланұлы.

Жарыс барысында оқушылар спорттық шеберліктерімен қатар, командалық рух пен ауызбіршіліктің үлгісін көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегер командалар аудандық дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің атынан дипломдармен, кубок және медальдармен марапатталды.

image-19-11-25-12-42-1

Бұл шара жастар арасында бұқаралық спортты дамытуға, денсаулықты нығайтуға бағытталған игі бастамалардың бірі болып табылады. Спорт – тәрбие көзі, болашақтың кепілі екенін дәлелдеген аудандық спартакиада жоғары деңгейде өтті.

 

С. Шакрат,

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале