19.11.2025, 19:51
Оқылды: 91

Оралда Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Бүгін Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» атты салтанатты іс-шара өтті.

9e0e9703-39ea-4a75-8c22-5a215b586f16

Ел бірлігінің символына айналған бұл жиынға өңірдің этномәдени бірлестіктері, ардагерлер, жастар ұйымдары, қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

15851793-f577-4418-b977-122c7949e019
Салтанатты жиында Батыс Қазақстан облысының әкімі, облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нариман Төреғалиұлы Төреғалиев құттықтау сөз сөйлеп, өңірдің бірлік пен татулықты сақтау бағытындағы игі бастамалары мен Ассамблея құрылымдарының белсенді еңбегіне тоқталды.

66d8f80a-03f3-4c6d-bc65-6655a487a3c9
Аталмыш шарада ел бірлігі мен қоғамдағы келісімді нығайтуға, рухани-мәдени дамуға айрықша үлес қосқан бірқатар азаматтарға Қазақстан халқы Ассамблеясының жоғары наградалары табысталды.

ce7ba887-d7aa-4f50-bce2-f90295ca4368

Шара мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасты. Өнер ұжымдары көпұлтты мәдениеттің әсем әуенімен өрілген қойылымдар ұсынып, қонақтарға ғажап көңіл-күй сыйлады.

4bc351c3-2435-4c93-8cfd-fba759a57dcb

fd6109c2-38d4-4811-a8d3-98b9e58c0127

40e1f0ba-8ce3-48a7-ba5e-83e72b533740
Жанерке Мерекеқызы

Суретке түсірген: Мәди Салық

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале