20.11.2025, 0:00
Оқылды: 69

Сырымда ауруханаға жаңа басшы тағайындалды

Сырым ауданына Батыс Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мадияр Өтешов келіп, аудандық аурухананың жаңа басшысын таныстырды. Ауданның бас дәрігері болып, Мағзом Елдос Нұрпейісұлы тағайындалды.

Аурухананың жаңа басшысы

Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов осы күнге дейін аудандық аурухананың директоры қызметін абыроймен атқарып келген Сабыр Меңдешовке алғысын білдіріп, алғыс хат пен естелік сыйлық табыс етті. Аудандық аурухана ұжымы да басшыларына ықыласын білдіріп, алғыстарын жеткізді.

Елдос Мағзом 1990 жылы Ақжайық аудны, Лбішін ауылында дүниеге келген. 2015 жылы Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік медицина университетін тәмамдаған. 2018 жылы «Анестезиология және реаниматология» (ересектер) арнайы мамандандырудан өткен. 2019–2022 жж. – Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінде «Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы» бойынша резидентура. 2020 жылы – Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде «экономика және бизнес» мамандығы бойынша бітірген. 2022–2024 жж. «Алматы Менеджмент» (ALMAU) университетінде «Денсаулық сақтаудағы Іскерлік Әкімшілендіру» (MBA), магистр дәрежесін алған.

Өңірлік кадр резерві мүшесі.

Еңбек өтілі:

2013–2015 жж. Ақтөбе қаласының Жедел жəрдем медициналық көмек (103) қызмет атқарған.

2015–2017 жылдары Әскери қызмет. 30238 əскери бөлімінде, 1 мотоатқыш батальонының медицина қызметшінің бастығы.

2017–2018 жылдары Алға орталық аудандық ауруханасы. «Жалпы тәжірибелік дәрігер».

2018–2022 жылдары Алға аудандық ауруханасы. Дәрігер анестезиолог–реаниматолог лауазымына ауыстырылды.

2019–2020 жылдары Ақтөбе медициналық орталық. Инсульттық орталық (НейроБИТ). Дәрігер реаниматолог (по совместительству).

2022–2023 жж. Шалқар аудандық ауруханасы. Дәрігер анестезиолог–реаниматолог.

2023 жылдан осы күнге дейін Хромтау аудандық ауруханасында дәрігер анестезиолог–реаниматолог болып қызмет атқарған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале