20.11.2025, 16:48
Оқылды: 68

Шағырлойда спорт кешені салынады

Сарой ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу жиыны өтті. Жиынға Сырым ауданы әкімі Жұмагелді Батырниязов қатысып, ауылдық округ әкімінің міндетін уақытша атқарушы Айбол Жакиев елдің тыныс-тіршілігін баян етті.

IMG_5977

Жұмагелді Батырниязов өткен жылы халық сұраған Абай мектеп-балабақша-бөбекжай кешеніне оқушылар тасымалына көлікті аудандық білім беру бөліміне тапсырды. Шағырлой ауылына салынатын спорт кешенінің жобалық-сметалық құжаттары дайын. Жоба құны 400 млн теңгеге жуық. «Қарашығанақ бпв оперейтинг» компаниясының әлеуметтік инфрақұрылым жобалары аясына енгізу жұмыстары жүргізілуде. Жоба мақұлданса, Шағырлой, Қособа, Аралтөбе спорт кешені салынады. Оған ауылдағы ескі әмбебап дүкеннің орны тазаланып, дайындалуда.

Ауылда салынып жатқан екі пәтерлі үйдің қаржысы келесі жылға қалады. Биыл үйдің құрылысы аяқталғанымен, сатып алу, қабылдау бөлу жұмыстары келесі жылдың еншісінде.

IMG_5982

Аудан әкімінің айтуынша, Сарой ауылдық округінде бау-бақша салу қолға алынбай отыр. Көздіғара ауылынан келген Жақсыгелді Қайыров 1977 жылы салынған Көздіғара негізгі мектебінің ғимаратын жаңадан салу, көтерілген заңсыз такси қызметінің бағасы, ауылда заңсыз алкоголь өнімдерін сатуды тоқтату мәселелерін көтерді. Көздіғара негізгі мәселесіне жауап берген аудандық білім беру бөлімінің басшысы Әкежан Жамбылов жоспар бойынша алдағы жылы Құспанкөл негізгі мектебі, одан кейін Жырақұдық мектебі, содан кейін Көздіғара мектебінің салу тұрғанын айтты. Аудан басшысы заңсыз таксиді дәлелдеуге келгенде, жолаушылар өзінің туысымен кетіп бара жатқанын айтып, мінген көлігінің такси екенін жасыруы белең алып отырғанын жеткізді. Заңсыз алкоголь өнімдерін сату мәселесіне мемлекеттік кірістер басқармасы тиісті шарасын алатын болды.

IMG_5966

Сырым ауданының прокуроры Ершат Қамбетов тұрғындарды малдың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, интернет алаяқтардан сақ болуға шақырды.

Кездесуден соң, аудан әкімі Жұмагелді Батырниязов пен аудан прокуроры Ершат Қамбетов тұрғныдарды жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді.

Шынар Яудақызы
Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале