21.11.2025, 16:45
Оқылды: 69

Тасқалада «SkillsFest-2025» колледжаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті

Бүгін жұмысшы мамандықтар жылы аясында «SkillsFest-2025» колледжаралық кәсіби шеберлік байқауы өтті. Байқау студенттердің кәсіби дағдыларын шыңдап, теориялық білім мен практикалық тәжірибені ұштастыруға, сондай-ақ колледждер арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту бағытында ұйымдастырылды.

image-20-11-25-10-07
Байқаудың салтанатты ашылу рәсіміне Талғат Шакиров, аудан әкімінің орынбасары Әли Бердешев, аудандық ішкі саясат бөілімінің басшысы Думан Ғазез, Тасқала колледж директоры Данияр Дүйсенғалиев, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Айбек Шарипов қатысты.
Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Талғат Асқарұлы барлық қатысушыларды байқаудың басталуымен құттықтап, үздіктердің жеңіске жетуіне тілектестік білдірді.
Одан кейін сөз алған колледж директорының өндірістік іс жөніндегі орынбасары Медет Шайхиев байқаудың ережелері мен өткізілу тәртібін таныстырып өтті.

image-20-11-25-10-07-3
Ашылу рәсімінен соң байқау ресми түрде басталып, қатысушылар өз құзіреттілктері бойынша өзара сынға түсті. Байқауға Тасқала және Бәйтерек колледждерінің студенттері қатысып, өзара бақ сынасты. Қатысушылар «Ауыл шаруашылығы техникасын жұмысқа дайындау және оны басқару», «Дәнекерлеу технологиясы», «Наубайшы ісі» құзыреттіліктері бойынша шеберліктерін көрсетті. Әр қатысушы өз бағыты бойынша бар ынта-жігерін салып, даярлық деңгейін, кәсіби қабілеттерін дәлелдеуге тырысты.

image-20-11-25-10-07-5 Нәтижесінде қазылар алқасының шешімімен «Ауыл шаруашылығы техникасын жұмысқа дайындау және оны басқару» құзіреттілігі бойынша тасқалалық Рахметолла Үркенов жеңімпаз атанды. Екінші орынды тасқалалық Әділ Амангелді иеленсе, үшінші орынға бәйтеректік Александр Мельников пен Нұртас Асылбаевқа бұйырды. «Дәнекерлеу технологиясы» құзіреттілігі бойынша сынға түскендер арасында бәйтеректік Юрий Каштанов үздік деп танылды. Тасқалалық Думан Айдынғали екінші орынды місе тұтса, үшінші орынға тасқалалық Санжар Дүйсенов пен бәйтеректік Дмитрий Солдатов табан тіреді. «Наубайшы ісі» құзыреттілігі бойынша тасқалалық Ақтолқын Давлетова бірінші орын иегері атанды. Екінші орынды тасқалалық Әсем Жасыбаева мен бәйтеректік Мөлдір Дүйсенова бөлсе, ал үшінші орын бәйтеректік Александр Кожиннің еншісінде.

image-20-11-25-10-07-6
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері жабылу салтанатында ұйымдастырушылар тарапынан диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Болатбек Сапарғалиев,
Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале